Тарихқа тағзым: ұрпаққа аманат

Елбасы 2008 жылы 21 тамызда Қызылжар өңіріне келген жұмыс сапары кезінде «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешенінің ашылу салтанатында тебірене сөйлеп, рухына бас июі, «қазақтың ұлы ханы Абылайды еске алу – тарихымызға тағзым ету болып табылады. 

Егемен Қазақстан
27.12.2018 6984
2

Абылай хан армандарын орындаған біздің бұрын өткен тарихтан тәлім алып, қазақ халқының бірлігін мәңгі сақтауымыз қажет. Сонда ғана ел тәуелсіздігі мәңгі болмақ. Бабалар аруағы әрдайым бізді қолдасын» деген айшықты пікір жазып қалдыруы ел тұтастығын мақсат еткен әр қазақстандықтың жүрегінен орын алары анық.

Егеменді Отанымыздың күнпарағына көз салатын болсақ, ұлы бабамыздың асқақ тұл­ғасын ұлықтау жүйелі жалғасып, еркін елдің ертеңгі азаматтары үшін мақтан тұтар тұлғаға айналғанын байқау қиын емес. Жыл өткен сайын мұнда сырттан келетін қонақтардың, студенттер мен оқушылардың қарасы көбейіп келе жатқаны қуантады. Былтыр 25 мыңға жуық сая­хатшы экскурсия жасаса, биыл олардың саны 30 мыңға жеткен. Тарих сабағынан лекциялар, дәрістер оқылады. Басқа да танымдық шаралар қарастырылған. 

Енді мына парадоксты қараңыз: Кеңес Ода­ғы кезінде ел жадында «Абылайдың ақ үйі» ретінде сақталып қалған тарихи жәдігерге республикалық маңызы бар мәртебе беріліп, мемлекет қамқорлығына алынса, тәуелсіздігіміздің елең-алаң шағында жер бетінен мүлдем жо­йылып кетуге шақ қалған. Қазақ тарихына сыңаржақ көзқарас ұстанушылар Янгузаров, Ганшин, Мурадов секілді көпестердің үйлерін, тіпті Лениннің ескерткішін қайтадан қалпына келтіру жөнінде хаттама толтырып, ал «Абы­лайдың ақ үйін» мүлдем жарамсыз деп танып, сүріп тастауға шешім шығарған. Сол кезде жергілікті ұлт жанашырларының алғы легінде жүрген Кенжебек Әбішев, Жақсыбай Самрат секілді азаматтар ерекше белсенділік танытып, көпе-көрінеу бассыздыққа жол бермей, небір бюрократтық кедергілерге қарамастан, аман алып қалған. Қазір қалам ұшына іліккен бұйрық орындалып кете бергенде жұртын ғана сипап қалар ма едік деп ойлаудың өзі қорқынышты. Ресей архивтерінен табылған бұлтартпас құжаттар Есіл өзені жағасында ханның ордасы болғанын, оның ағаштан қиып тұрғызылғанын, бекіністен бұрын салынғанын, қаланың негізін қалағанын дәлелдейді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында кеңсе, қонақүйі, монша, басқа да құрылыстар бой көтеріп, Абылай хан өмірінен, ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан тарихынан сыр шертетін экспонаттармен толықтырылды. Екі қабаттан тұратын ғимарат алдына «Абылай хан ат үстінде» ескерткішінің мүсіндік туындысы қойылды. Тұғыры – сұр-қоңыр түсті гранит. Көлемі – 2,7 х 10 х 4 метр, салмағы – 81 тонна. Қола мүсіннің салмағы – 7 тонна, биіктігі – 5,4 метр. Тарихи залдар Абылайдың балалық шағынан хан тағына отырғанға дейінгі өмірін, жауынгерлік, ел біріктірушілік, қайраткерлік кезеңдерін қамтиды. 

Жуырда «Ұлы ханның ордасы – еліміз үшін маңызды тарихи-мәдени ошақ» тақырыбы бойынша бірінші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені құрылуының он жылдығына арналды. Онда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы басты әңгіме арқауына айналды. Алқалы бас қосуға қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет аймақ басшысы атынан құттықтап, Қазақстанның киелі жерлер картасына енгізілген бірегей ескерткіштің маңызын атап өтті. Мақаладағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» тарауында Абылайдың есімі де аса құрметпен аталады. Даналар шоғырын дүниеге әкелген Қазақстанды әлемге таныту баршамыздың абзал борышымыз болуы тиіс, дей келіп, Абылайтануға қосқан үлкен үлесі үшін «Егемен Қазақстан» газетінің белді қызметкері Жақсыбай Самратты облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры Зарқын Тайшыбайды Алғыс хатпен марапаттады.

Осы уақытқа дейін ескерусіз келе жатқан тарихи тағылымы мол мәселенің бірі – Абылай ханның қара жолы болса, осы олқылықтың орнын Мұрат қажы Ыдырысұлы бастаған ғылыми экспедиция мүшелері толықтырған секілді. Ақмола облысы әкімдігі демеу көрсеткен «Абы­лай ханның қара жолы» атты жоба тарихи сананы жаңғыртуды, ұлттық игіліктерді зерделеуді, киелі жерлерді дәріптеуді, жан-жақты ғылыми- зерттеулер жүргізуді мақсат тұтып, көптеген бағыттар бойынша жүріп өткен. Осылайша өткен ғасырлардағы хан, керуен жолдарын, олардың бойында орналасқан нысандарды жүйелеп шыққан.

Жиында тарих ғылымдарының кандидаты Зылиқа Бимақанова, мемлекеттік архивтің директоры Сәуле Мәлікова, №2 қалалық соттың судья­сы Арай Әбілмәжінова, ақсақалдар ал­қа­сының төрағасы Болат Сағындықов, тағы басқалары «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ласынан туындайтын іргелі міндеттерге тоқталып, бірқатар ұсыныстар айтты.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу