Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Алматы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қала әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға  озат оқушылар мен аз қамтылған отбасылардың балалары және ата-ана қарауынсыз қалған 1700 өрен қатысты.

 Алматы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті

Балдырғандар заманауи ертегілердің кейіпкерлерімен қауышып, цирк әртістері мен ақылды жануарлардың өнерін тамашалады. Арнайы әзірленген лазерлік шоу бүлдіршіндердің көңілін көтерсе, буынсыз акраваттар кішкентай алматылықтарға таңғажайып әсер сыйлады. Салтанатты кеш соңында Аяз ата көптен күткен алып шыршаның шамын жақты.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ