Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Түркістан облысында тұмау жағдайлары тіркелмеген

427 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысы бойынша биылғы 11 айда тұрғындар арасындағы оба, құтыру, сібір жарасы, тырысқақ, іш сүзегі, паратиф, дифтерия, көкжөтел, қызамық,  сал  аурулары тіркелмеген. Сондай-ақ, тұмау ауруының эпидмаусымында ауырғандар жоқ.

Түркістан облысында тұмау жағдайлары тіркелмеген

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тері лейшманиозы 5,14 есе, жіті ішек жұқпалы аурулар 1,2 есе, тыныс алу органдарының туберкулезі 27,9%, эхинококкоз 19,9%, энтеробиоз 22,4%, бруцеллез 6 жағдайға, Қырым қанды гемморагиялық қызбасы 3 жағдайға, менингококк жұқпасы 2 жағдайға төмендеген.

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың айтуынша, профилактикалық егулерден бас тартудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 109 бас тартушыға вакцинация жасалынған. Облыс бойынша 2018 жылға жергілікті бюджет қаржысынан тұмауға қарсы 201000 «Гриппол+» вакцинасының дозасы алынған. Тұмауға қарсы егумен облыс тұрғынының 10,2%-ы қамтылыпты. Сонымен қатар, жұмыс берушінің есебінен 1549 жұмысшы егілген.  «Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберіндегі жоспар-кестеге сәйкес, 12 ай көлемінде 3346/177 (5,2%) өнімдердің сынамалары тексерілді.  Талапқа сай келмейтін өнімдердің 65-і (38,2%) –қазақстандық, 86-сы (50,5%) - Еуразиялық экономиялық одаққа мүше мемлекеттердің өнімдері, 19-ы (11,1%) - басқа мемлекеттердің өнімдері.

Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер бойынша сауда орындарына Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтары бойынша 86 ұйғарым беріліп, 31 хаттама толтырылды, 1178450 теңгеге айыппұл салынды. Берілген ұйғарымның уақытылы орындалмауына байланысты 4 құжаттар рәсімделіп сотқа өткізіліп, қаулыға сәйкес 817700 теңгеге айыппұл салынды» , -дейді Нұрбек Нышанов.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы