Теннис • 28 Желтоқсан, 2018

Ширек финалға шықты

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гонконгта өтіп жатқан жүлде қоры 25 мың долларды құрайтын ITF Futures халықаралық турнирінің ширек финалына шықты. 

Ширек финалға шықты

Халықаралық турнирдің екінші айналымында отандасымыз жапониялық теннисші Жампей Ямасакиді 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Ал бірінші айналымда жергілікті теннисші Чага Ламадан 6:1, 2:6, 6:3 нәтижесімен басым түскен болатын. Денис Евсеев ширек финалдық сайыста Таиланд спортшысы Вишай Тронгчарончаеквулмен кездесіп, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»