Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018

Н. Назарбаев: «Латын қарпін «Егеменнен» оқыңдар»

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жыл бойы болған басты оқиғаларға тоқталып, қорытындылады.

Н. Назарбаев: «Латын қарпін «Егеменнен» оқыңдар»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халыққа, мәдениетке, тарихқа деген көңіл бөлу мәселесі екенін атап өтті.

«Қазір мемлекеттік комиссия өз жұмысын бірте-бірте істеп жатыр. «Егемен Қазақстанның» бір бетін оқи беріңдер. Көздерің әріптерге үйрене берсін», деді Президент.