Спорт • 29 Желтоқсан, 2018

Қазақстанның шахматшылары табысты өнер көрсетуде

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында шахматтың рапид және блиц түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жүлде қоры 2 миллион АҚШ долларын құраған бәсекеде 37 мемлекеттен келген 300-ден аса шахматшылар бақ сынауда.

Қазақстанның шахматшылары табысты өнер көрсетуде

Айтулы додада Қазақстанның шахматшылары табысты өнер көрсетуде. Мәселен, алғашқы үш бәсекеде айқын жеңіске қол жеткізген Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік төртінші турда бір-бірімен кездесті. Қазақтың қос аруы арасындағы ойын тең есеппен аяқталды. Тұсаукесер кездесуінде әлемнің үш дүркін чемпионы Анна Музычукке есе жіберген Гүлісхан Нақбаева одан кейінгі үш партияда жеңіс тойын тойлады.

Жігттеріміз де қыздардан қалысатын емес. Атап айтсақ, Ринат Жұмабаев Ресейдің үш бірдей өрені –  Кирилл Шубин, Всеволод Овчинников және Алексей Дреевтен айласын асырып, тек бір ойында сол елдің өкілі Данил Дубовқа ұтылды. Рустам Хуснутдинов бір партияда жеңіск жетіп, қалған үшеуін тең ойнады.  

 Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»