Үкімет • 29 Желтоқсан, 2018

Үкімет отырысы: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық коммуналдық қызметтер төмендетілген тарифтермен ұсынылады

563 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында коммуналдық қызметтер тарифтерін төмендету мәселесі қаралды. Қабылданып жатқан шаралар туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет отырысы: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық коммуналдық қызметтер төмендетілген тарифтермен ұсынылады

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев барлық қазақстандықтар Мемлекет басшысының коммуналдық қызметтер тарифтерін төмендету жөніндегі тапсырмасын орындау нәтижесін сезінуі тиіс екендігін айтқан болатын. Атап айтқанда, өңірлердің әкімдеріне Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ПИК қызметтері мен әкімдіктер басқаратын басқа да коммуналдық қызметтер тарифтерін төмендету туралы тиісті шешім қабылдау тапсырылды.

Атқарылған жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов баяндады.

«ПИК қызметтерінің тарифі 2,2%-дан 20%-ға дейін, қоқысты шығару қызметі 1%-дан 24,7%-ға, ал лифт қызметтері бойынша тарифтер 3%-дан 50%-ға дейін арзандады», – деді министр. Сондай-ақ, ҚР ҰЭМ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесе отырып, Атырау және Қызылорда облыстарының тұрғындарына газ бағасын төмендету туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев аталған мәселені 1 қаңтардан бастап бақылауға алуды тапсырды. Тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің тарифтері төмендетілуі тиіс. Бұл жұмыс жалғасын табуы керек.

1. Ақмола облысының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметі үшін — 3%; қоқыс жинау — 5%; лифт қызметі — 5%.

2. Ақтөбе облысының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметтеріне — 7,3%; қоқыс жинау — 1%; лифт қызметтері — 10%.

3. Алматы облысының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр:ПИК қызметтері үшін — 11,06%; қоқыс жинау — 12,34%; лифт қызметі — 15,93%.

4. Атырау облысының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметі үшін — 4%; қоқыс жинау — 4%; лифт қызметі — 5%.

5. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметі бойынша — 8,3%; қоқыс жинау бойынша қызметтерге — 4,2%; көтергіш қызметтерге — 4,3%.

6. Жамбыл облысы әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметі үшін 20%; қоқыс жинау — 5%; лифт қызметтері — 7,1%.

7. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметтері — 5%; қоқыс жинау — 10%; лифт қызметтері — 7%.

8. Қарағанды ​​облысының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметі үшін 3% дейін; қоқыс жинау орташа алғанда 10%-ға дейін; лифт қызметтері 5%-ға артты.

9. Қостанай облысының әкімдігі жылдың басынан бастап тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметтері үшін 3%-дан 8%-ға дейін; қоқыс жинау 5%-дан 10%-ға дейін; лифт қызметтері 5% дейін.

10. Қызылорда облысының әкімдігі тарифті төмендетті: ПИК қызметі үшін 5%; қоқыс жинау — 2% (лифт қызметтері тегін).

11. Маңғыстау облысының әкімдігі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметіне 3-5%; қоқыс жинау — 5%; лифт қызметтері — 3%.

12. Павлодар облысының әкімдігі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр:

Павлодар қаласы бойынша: ПИК қызметі бойынша — 4,9%; қоқыс жинау — 5%; лифт қызметі — 5,3%.

Екібастұз қаласында: ПИК қызметі үшін — 2,21%; қоқыс жинау — 5,04%; лифт қызметтері — 9%.

Ақсу қаласы: ПИК қызметі үшін — 4%; қоқыс жинау — 24,7%; лифт қызметтері — 13,6%.

13. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметі үшін — 5%; қоқыс жинау — 5%; лифт қызметі — 5%.

14. Түркістан облысының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметтері үшін —10%; қоқыс жинау — 2,1% (жеке тұлғалар үшін) және 23,4% (заңды тұлғалар үшін); лифт қызметтері — 50%.

15. Астана қаласы әкімдігі келесі тарифтерді төмендеуді жоспарлап отыр: ПИК қызметтері үшін — 5%; қоқыс жинау — 5%; абоненттік төлем үшін лифт қызметтері — 5% және карточкалық жүйе бойынша — 5,6%.

16. Алматы қаласы әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: лифт қызметтері үшін — 8,5%; ПИК-тің қосымша қызметтерін түбіртектерден шығарып тастауына байланысты, қала тұрғындарының жалпы шығындарын 6%-ға төмендетті.

17. Шымкент қаласының әкімдігі келесі тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр: ПИК қызметі үшін — 11%; қоқыс жинау — 12%; лифт қызметтері — 10%.