Әлем • 29 Желтоқсан, 2018

2018: Әлемдегі айтулы оқиғалар

695 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2018 елеулі оқиғаларға толы болды. Бір күні жақсы жаңалыққа қуанып үлгерсек, кей жаңалықтар жан түршіктіріп жатты. Әлем назарын аударып қана қоймай, үлкен талқыға түскен елеулі оқиғаларды ұсынамыз. 

2018: Әлемдегі айтулы оқиғалар

2018 жылдың ақпанында АҚШ Қорғаныс министрлігі жаңа ядролық доктринасын ұсынған болатын.

Ақпанның 9-25 арасында Корей Республикасының Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпиада ойындары өтті. Олимпиада нәтижесі бойынша алғашқы ондыққа Норвегия, Германия, Канада, АҚШ, Нидерланды, Швеция, Оңтүстік Корея, Швейцария, Франция, Аустрия кірді.

11 ақпан Москвадан Орскке ұшып бара жатқан Ан-148 ұшағы құлап, 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қаза тапты.

Бұл оқиғадан бірнеше күн соң Марджори Стоунман Дуглас меектебінде атыс болып, оқиға нәтижесінде 17 адам қайтыс болды, 14 адам жарақаттанды.

18 ақпан Тегераннан Ясуджға бағыт алған ATR 72-200 ұшағы Дена тауына соғысып, 60 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қайтыс болды.

25 наурыз Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда орталығы өртке оранып, 60 адам қаза тапты. 28 наурызда Ресей Федерациясында қаралы күн жарияланды.

11 сәуір Алжир тарихындағы ең үлкен қаза болды. Ил-76 ұшағы Блида қаласының түбінде құлап, 257 адам қайтыс болды.

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея президенттері Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин алғаш рет 27 сәуірде Пханмунджом шекаралық пунктінде кездесті.

5 мамыр НАСА InSight миссиясын Марсқа аттандырды.

1 маусым Ресей БҰҰ Қауіпсіздік комитетіне басшылық етті.   

14 маусым-15 шілде арасында Ресей Федарциясында футболдан әлем чемпионаты өтті. Чемпионат нәтижесінде Франция құрамасы екінші рет әлем чемпионы атанды.

Шілдеде Тайландтағы үңгір суға толып, ішінде 12 бала қалып қойған болатын. Тхам Луанг үңгір кешенінен құтқарылған балалар аман-есен отбасыларымен қауышты.

18 тамыз – 2 қыркүйек арасында Жазғы Азия ойындары өтті. Индонезия астанасында өткен спорт жарысында Қытай 289 медальмен көш бастады.

Аргентина әскерлері бір жыл бұрын батып кеткен «Сан-Хуан» суасты кемесінің тапқанын хабарлады. Кемеде 44 адам болған. Алайда, кемені шығару оңай болмайтынын сарапшылар алдын-ала ескерткен болатын.

2018 жылы қазанда Германия канцлері Ангела Меркель өзі басқаратын Германияның христиан-демократиялық одағы партиясының басшылығынан кетті.

2 қазан Сауд Арабиясының тумасы, журналист Джамал Хашшоги Түркиядағы Сауд Арабиясының елшілігінде өлтірілді. Әлемді дүрліктірген қаза бірнеше мемлекеттің басшыларын бей-жай қалдырмады.

2007 жылдан бері Роналду мен Мессиден басқаға бұйырмай келе жатқан «Алтын доп» биыл Лука Модричке табысталды. 33 жастағы хорватиялық футболист 3 желтоқсан күні марапатталды.

22 желтоқсан Индонезияның Зонд бұғазы жағалауында болған цунами салдарынан 429-дан астам адам қаза тапты, 1400 адам жарақат алды.