Қазақстан • 02 Қаңтар, 2019

WhatsApp кей смартфондарда жұмыс істемейтін болды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қаңтардан бастап WhatsApp мессенжері Nokia S40 операциялық жүйесінде жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp кей смартфондарда жұмыс істемейтін болды

2020 жылдың 2 ақпанынан бастап WhatsАpp тағы екі танымал операциялық жүйеде жұмыс істемейтін болады, олар - 2.3.7 нұсқадағы Android және iOS 7.

Енді аталмыш операциялық жүйені қолданушылар жаңа аккаунт аша алмайды. Бұл телефондарда мессенджер де істемеуі ықтимал, себебі WhatsАpp аталған операциялық жүйелер үшін бағдарлама жасауды доғаруды жоспарлап отыр.