Қазақстан • 02 Қаңтар, 2019

Шымкентте 1 қаңтар күні 60 нәресте дүние есігін ашты

725 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте жаңа жылдың алғашқы  күні 60 нәресте дүниеге келген. Сәбилердің 35-і - ұл және 25-і - қыз бала екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте 1 қаңтар күні 60 нәресте дүние есігін ашты

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шымшаһарда үш перзентхана бар. Қазір сәбилер аналарымен бірге дәрігерлер бақылауына алынған. Дәрігерлер нәрестелердің жағдайы жақсы екенін айтады. Айта кетейік, жаңа жыл түні Шымкентте 49 нәресте туған болатын. 

Олардың  дені - ұл балалар. Яғни, бұл күні перзентханаларда 27 ұл, 12 қыз бала өмір есігін ашқан еді.