Руханият • 04 Қаңтар, 2019

Алматы жұртшылығы Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы жұртшылығы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы Опера және балет театрында жиналған  зиялы қауым өкілдері қайраткердің азаматтық тұлғасы мен халқына сіңірген ерен еңбегі жайлы тебірене естелік айтты.

Алматы жұртшылығы Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Қаралы жиында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының жеделхатын оқып, марқұмның туыстарына шаһар жұртшылығы атынан көңіл айтты.

Сұлтан Жиенбаев 1921 жылдың 22 шілде­сінде Алматы  қаласында дүниеге келген. 1953-1954 жылдар аралығында Қазақ КСР Сауда ми­­нистр­­­лігінің басқарма басшысы, ал 1954-1959 жылдар ара­лы­ғын­да Алматы қалалық партия комитетінің бө­лім мең­герушісі, 1962-1970 жылдары Қазақ КСР Сау­да министрі қызметттерін атқарған. 1970-­1984 жылдар аралығында С.Жиенбаев Ми­нистрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болды.

Саналы ғұмырында халқына қалтқысыз қызмет еткен заңғар тұлға қаладағы «Кеңсай» зиратына жерленді.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ