Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019

Ұлт руханиятының бағдары

601 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Ұлт руханиятының бағдары

Осыдан он төрт жыл бұрын Ел­ба­сының тікелей қолдауымен қол­ға алынған «Мәдени мұра» бағ­­дар­ламасын іске асыру Қа­зақ­­с­тан тарихындағы шын мә­нін­де жемісті гуманитарлық ак­ция болды. Отандық мәдениет пен ғылымды жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін жаңа құн­ды тәжірибе жасалды. Елі­міз­дің тарихи-мәдени мұ­ра­­сын зерделеу, айрықша ма­ңызы бар тарихи-мәдени және сәу­лет ескерткіштерін қайта қал­пы­на келтіру бағытында ауқым­ды жұмыстар атқарылды.

Өңір­де Абылай хан рези­ден­ция­сы му­зейі­нің ашылуы, өлкетану му­зейі­нің ғимара­ты­на күрделі жөн­деу жүргізу, «Қызылжар» ор­та­лық мешіті мен Возне­се­ние хра­мы­ның салынуы айтар­лық­тай оқиға болды. Ұлттық мә­де­ниет пен жазудың сан ға­сыр­лық тә­жі­рибесін қорыту, әлемдік ғыл­ы­ми ой-сананың, мәдениет пен әде­биет­тің үз­дік жетіс­тіктері негі­зін­де гумани­тарлық білімнің мем­ле­кеттік тілдегі толыққанды қорын құру жөнінде кешенді шаралар атқарылды. Жергілікті ға­лым­дар, тарихшылар, өлкетану­шы­лар алыс және жақын шет­ел архивтерінде болып, құн­ды де­рек­тер жинастырды. Нәти­жесін­де Қазақстан тарихына қатысты көптеген мәлімет әкелінді. Яғни, бұрын белгісіз болып келген архив деректері елімізге жеткізілді. Оның бір мысалына М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың  профессоры Зарқын Тайшы­бай­дың «Қазақтың ханы Абы­лай» атты екі томдық жинақ құ­рас­тырғанын айтуға бола­ды. «Руха­ни жаңғыру» бағдарлам­а­сы ая­сында «Солтүстік Қазақстан об­­лы­­сының киелі жерлері» ин­­те­­рак­тивті картасы жасалып, кең көлемді зерттеулер жүр­­гі­зілді. Бүгінде оның құра­мы­на жиырмаға жуық тарихи ес­керт­­кіштер енгізілсе, алдағы уа­­қы­т­та ауқымы ұлғая түсері сөз­сіз. Халқымыздың баршаға ор­­т­ақ қасиетті жерлерінің бір­тұ­тас желісін жасау арқылы өске­­лең ұрпақ бойына ұлттық мақ­­таныш сезімін ояту мін­деті Елбасымыздың ұлт руха­ния­­ты­ның басты бағдары іс­пет­­тес «Ұлы даланың жеті қыры» ат­ты мағынасы зор, маз­мұ­ны те­рең ма­қа­ласында ерекше атап өтіл­ді. Бүгінде жұрт­шы­лық­­тың үл­кен қолдауы мен айрық­ша іл­ти­­патына ие бол­ған мақа­ла ата-бабамыздан ми­рас ретін­де қалған өшпес р­ухани мұралар­ы­­мыз­ды қайта жаң­ғырту бағдар­лама­ларын ұсыну­­мен айрықша маңызға ие. 

Осы орайда зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Дала өркениетінің құдіреті» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәдени-тарихи мұраның мәні, түркі өркениеті, Ұлы даланың қаһармандары, тағы басқа келелі мәселелер бо­йынша тағылымды ой-пікір­лер бөліскенін айта кет­кен жөн. Оның ішінде «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жүзеге асыру және оның шең­берінде тарихи құнды жәді­гер­­лер­ді цифрландыру жа­йын жи­налғандар мақұлдады. Жоғ­а­рыда айтып өткенімдей аймақ­тағы киелі нысандардың ең көнесі – Ботай қонысы. Онда жүргізілген қазба жұмыстары жылқының алғаш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін өркениетті елдер түгел мойындаған. Осы ар­а­лықта қамтылатын арғы, бер­гі өркениетімізді жас буын біліп өсуі тиіс. Өйткені, тарих қой­науында әлі беймәлім жатқан құнды дүниелерді айтпағанда бар­­ды бағалай білудің өзі – үл­кен ер­лікке пара-пар. Қан­ша­­масы архив сөрелерінде зерт­теу­шілерін күтіп, шаңға кө­міл­ген күйі жатыр десеңші! Олар­ды айналымға түсіруге, бі­різ­дендіруге, көп­ші­лікке ұсы­нуға қазірден бас­тап қам жа­сау­ымыз керек. Ол үшін озық технологияларға арқа сү­йеуден ұтарымыз көп болмақ. Бұ­ған дейін 2740 тарихи құжат цифрландыру жүйесіне көшіріл­се, «электронды архив» қата­рына тағы 1484 жәдігер қосыл­ды. Олар­дың қатарында Абы­ла­й­хан­ның резиденциясы, Сырым­бет усадь­басы, Қарасай мен Ағын­тай ба­тыр­лардың мемо­риал­­дық ке­шені, Байқара қор­ғаны, та­ғы бас­қа еңселі ескерт­кіштер бар. 

Ел тарихында бүгінгі ұрпақ мақтана алатын қасиетті де кие­лі жерлер көп. Сонау қадым за­ман­нан бастау алатын санға­сыр­лық мұраларымыз әлемдік бірегей өркениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқаны талассыз. Мұның бәрі ой елегінен өткізуді, терең зерделеуді қажет етеді. Құнды жәдігерлеріміздің қолжетімділігін қалыптастыру, архив қызметкерлері алдына келелі міндет жүктеп отыр. 

Сәуле МӘЛІКОВА,

Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивтің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Петропавл