Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 12,4%-ға жоғарылады

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 12,4%-ға жоғарылады. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 16,3%, өңдеу өнеркәсібінде 8,8%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 12,9%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 6,7%-ға қымбаттады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 12,4%-ға жоғарылады

Өткен жылда өндіруші кәсіпорындар бағасы дизель отынына - 26,2%, мазутқа - 20,5%, мұнайға - 18%, табиғи газға - 15%, көмірге - 10,7%, сұйытылған пропан және бутанға - 7,7%, металл кендеріне - 2,2%, бензинге 1,8%-ға жоғарылады.

Бағаның ферроқорытпаларға - 24%, қара металдар илегіне - 15,4%, алюминийге - 3,8%, мысқа 1,5%-ға жоғарылауы, олардың қорғасынға - 12%, мырышқа 4,8%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке - 22,4%, құс етіне - 14,5%, мал етіне - 3,6%, қара бидай ұнына - 9,7%, бидай ұнына - 6,7%, шайға - 8,9%, өсімдік майына - 8,3%, қантқа - 5,2%, сүт өнімдеріне - 2,7%, жармаларға - 1,5%, нанға 1,3%-ға жоғарылауы байқалды.

 

Соңғы жаңалықтар