Аударма • 04 Қаңтар, 2019

The New York Times. Бүркітші қазақ қызы

1219 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

The New York Times басылымы Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы туралы көлемді мақала жариялады. Мақаланың қысқаша мазмұнын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

The New York Times. Бүркітші қазақ қызы

The New York Times

Баян-Өлгей, Моңғолия - Жұма күні сабақ біткен соң, Заманбол үйіне оралып, үй жұмысын орындап және жасөспірімдерге тән үй жағдайындағы өз міндеттерін атқарады. Ал сенбіде ол атын ерттеп, өзінің үйретілген жыртқыш құсымен қар тауларына бағыт алып, сенімді әріптесімен жабайы аңдарды аулауға бет алады.

Заманбол 14 жастағы бүркітші қыз. Моңғолияның Алтай өлкесін мекен еткен қазақ қызы бұрынғы көшпенді ата-бабаларының ізін жалғап жүрген жастардың бірі. Оның аң аулау қабілеті атасынан берілген. Атасының жанында ол және оның бүркіті тіпті қасқыр да аулайтын.

Атасы оған бүркітпен қалай аң аулау туралы, аспандағы құстарды қалай шақыруға болатынын үйретті. Атасы қайтыс болған соң, ол құсты өз қамқорлығына алды.

- Атамның жолын жалғастырғым келді, - деді Заманбол.

Содан бастап ол құсбегіліктің қыр-сырын терең үйрене бастады. Аңшылар құстары иелерінің дауыстарына үйренуі үшін жиі ән айтады. Ұрғашы бүркіттер еркектеріне қарағанда үлкен және күшті, көбіне аң аулауда қолданылады.

Аң аулау өткен ғасырда жоғалып кетті. Алайда бұл кәсіпті  Батыс Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы Алтай қазақтары сақтап қалды, онда 400-ге жуық этникалық қазақтар ресми түрде бүркітші ретінде тіркелген. Бұл аймақ көбіне қазақтар әрі мұсылмандар мекендеген Моңғолиядағы жалғыз аймақ.

Қазір Алтайдағы қазақ мәдениеті туралы ақпарат бүкіл әлемге белгілі бола бастады. Бүркітшілер екі күндік Алтын Бүркіт фестиваліне жиналады. 2016 жылы түсірілген бүркітші қыз Айшолпан туралы деректі фильм (2014 жылы осы жарыста жеңген) дүниежүзінің назарын Алтайдың мәдениетіне аударуға көмектесті.

Фестиваль кезінде дала Кеңес дәуірінің машиналарымен, гобелендермен, кітап және шөлмектермен көмкеріледі. Балалар жерде отырып қой сүйектерімен ойнайды. Қазан айында фестивальге келген шетелдік туристер саны 1000-нан астам адамды құрады, деп хабарлады құзырлы органдар.

Кейбір ғалымдар фестиваль мәдениеттің бір түрі ретінде ғана емес, шоу ретінде ғана ұйымдастырылады деп алаңдайды. Бірақ көптеген аңшылар фестивальда өз мұраларын насихаттау тәсілін де  көрсетеді.

Технология бүкіл әлем бойынша ұрпақтар арасындағы алшақтықты кеңейтті, ал Баян-Өлгей де бұдан тыс емес. Бірақ бүркітпен  аң аулау онымен айналысатын адамдар үшін қазақ жастарын үлкендермен байланыстыратын көпір болды.

Заманбол үшін бүркіт оның әжесі мен атасын еске салады, бірақ оның бүгін аңға салатын құсы оған атасынан қалған құсы емес.

Заманбол өзінің бірінші қыранын еркіндікке жібергенде 13 жаста болды. Ол бүркіттің аяғына бау байлап, тауға көтеріліп, онымен қоштасты.

- Мен көңілсіз болдым, бірақ мен оның еркін болғанын қалаймын, - деді Заманбол.

 

Аударған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»