Әлем • 07 Қаңтар, 2019

Димаш Құдайберген музыкалық шоуға қазылық етеді

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі әнші Қытайдың Hunan TV телеарнасында болатын «Супер дауыс» музыкалық шоуында қазылық етеді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Димаш Құдайберген музыкалық шоуға қазылық етеді

«Хунан ТВ телеарнасындағы «Супер дауыс» (Супер голос) жаңа мегажобасының финалдық түсіріліміне жиналудамыз. Онда білімді вокал шеберлері бақ сынайды. Мен әділқазылар құрамындамын. Барлық қатысушыларға сәттілік», деп жазды әнші.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген жуырда ғана өткен жылдың ең келбетті тұлғаларының тізіміне енді.

Одан бөлек, әнші «The Silk Road Cohesion Awards 2018» халықаралық шарасында «Жыл әншісі» әрі «Ұлы Жібек жолының мәдени елшісі» атанды.

Соңғы жаңалықтар