Аймақтар • 08 Қаңтар, 2019

ШҚО әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен бұл қызметке Жасұлан Сәрсебаев тағайындалды.

ШҚО әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Жасұлан Бірлікұлы Сәрсебаев 1986 жылы 22 шілдеде бұрынғы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Мамандығы - заңгер. Еңбек жолын «Қазақстандағы жас заңгерлер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Семей қаласы бойынша филиалының директоры болып бастаған. Әр жылдарда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының діни бірлестіктер және саяси партиялармен жұмыс бойынша бөлімнің бас маманы, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2015 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып еңбек еткен.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН