«Уәлихановты өзімізге қайтарыңдар» Семейдегі көше жекеменшікке қалай сатылып кеткен?

Семей қаласының Засядко көшесіндегі №58 үйдің тұрғын­дары телефон шалып, мұңдарын шақты. «1998 жылы салынған, 226 пәтері, 600-ге жуық тұрғыны бар біздің үй Шоқан Уәлиханов пен Засядко көшелерінің қиылысында орналасқан. «Семей автобекеті» де осы маңда орын тепкен. Біз осы қалалық автобекетте жалда болған Ш.Уәлиханов көшесінің жекеменшікке сатылып кеткенін естідік. Бұл қалай болғаны? Қаншалықты заңды? Келіп, жағдайымызбен таныссаңыз жақсы болар еді» деп өтініш жасаған соң Семейге жол тарттық.

Егемен Қазақстан
09.01.2019 9505
2

Засядко көшесіндегі №58 үйдің тұрғындарынан естіп-білгеніміз, Шоқан Уәлиханов көшесі қаланың бас жоспарына сәйкес жалпы қолданыстағы, яғни автобустар мен автокөліктердің, адамдардың еркін жүріп-тұруына арналған көше саналады. Демек, сатуға болмайды. Осы мәселеге алаңдаушылық білдірген аталған көшенің бірнеше тұрғыны Семей қалалық қоғамдық кеңесінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық мәселелері жөніндегі комиссиясының жетекшісі Николай Исаевқа хат жолдап, қалалық әкімдіктің жер учаскесін жекеменшікке беру жөніндегі қаулысын жоюға атсалысуын сұрағандарын айтады. «Кеңес заманында автобекеттің алдында жолаушыларды отырғызып-мінгізетін орын болатын. Көше­ден көліктер ағылып өтіп жататын. Одақ тарағаннан кейін Засядко көшесі мен Аймауытов көшелері аралығындағы Уәли­ханов көшесі уақытша «Семей автобекеті» ЖШС-іне жалға беріліп, жекеменшік иесі аталған көшені темір қоршаумен жауып алған болатын. Бүгінде аталған көше меншікке өтіп, пайдалану нысаны «автовокзалға қызмет көрсету үшін» деп өзгертілген. Біз қала тұрғындарының игілігі үшін жұ­мыс істеп тұрған жерді бизнеске айналдыруға қарсымыз. Көше өзімізге қайтарылсын» дейді «Засядко» пәтер иелері коопе­ра­тивінің жетекшісі Абы­лай Тұрым­баев.

Семейге барған күні қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың төрағалығымен шаһардың бас жоспарына байланысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр екен. Жиында қаланың бас жоспарын жасаған «Града» ЖШС-нің директоры Әркенжан Мамедовке Семей қала­лық қоғамдық кеңесінің Тұр­ғын үй-коммуналдық шар­у­ашылық мәселелері жөніндегі комиссиясының жетекшісі Нико­лай Исаев пен Засядко көше­сіндегі №58 үйдің тұрғындары заңсыз сатылып кеткен Шоқан Уәлиханов көшесіне қатысты сұрақ қойды. «Бас жоспарға сәй­кес бұл көше жалпы қол­да­ныстағы, жұрт емін-еркін жүріп тұратын ашық көше болуы тиіс. Көшенің неге, қалай сатылып кеткенін біз білмейміз. Оған жер­гілікті атқарушы органдар заңды түрде жауап береді» деді ол. 

Түйін:

Өздері күнделікті емін-еркін өтіп жүрген көшенің меншікке берілгеніне қапалы тұрғындар бұл мәселені Семей қаласы әкімдігі тез арада ретке келтірер деп үміт етіп отыр.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

СЕМЕЙ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу