Атырауда бала өлімі азаймай тұр

Атырауда өткен жылы 176 нәресте бір жасқа да толмай шетінеп кетті. Желтоқсан айының өзінде 23 сәби дүниеге келер-келместен көз жұмды. Әрқайсысы әр үйдің үміті, үміттің тым ерте сөнгенінен ауыр не бар? Жас анаға перзентханадан ұзақ күткен сәбиінің орнына өлімі туралы бір парақ қағаз ұстап шыққаннан ауыр не бар? Өкініштісі сол, өңірде бала өлімі көбейіп тұр. Ата-аналар дәрігерлерді біліксіз дейді, ақ халаттылар отбасын жоспарлау қағидасын ұстанбайды деп ата-анаға кінә артады.

Егемен Қазақстан
09.01.2019 6737
2

Солардың бірі – Атырау қаласының тұрғыны Альбина Ермекова. Егіз қыз бен ұлды дүниеге әкелген ана босану процесі қалыпты болғанын айтады. Балаларды реанимация бөліміне алып кеткен, бір аптадан кейін дәрігерлер ұлына қан құю керек депті. Көп ұзамай аузы-мұрнынан қан кеткен сәби қайтыс болды, оның артынан сыңары да кете барды, сөйтіп айдың-күннің аманында екі бірдей перзентінен айырылған жас ана аңырап қалды. Мұндай мысалдар жеткілікті. Сәбилері перзентханада шетінеген аналар жанайқайларын ақпарат құралдары арқылы жеткізуді жөн көргенге ұқсайды. «Балаларымыз дәрігерлердің біліксіздігінен көз жұмды» деген аналар облыстық перинаталдық орталықты тез арада тексеруді талап етіп отыр.

Осы мәселе бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық перинаталдық орталық басшылары мен педиаторлар түсінік берді. Олардың бәрі де  бір ауыздан бала өлімі анасының денсаулығына байланысты және алдымен медициналық мекемелерде алдын алу жұмыстарын күшейту керек деген пікірде.  Облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев: «Жаңа туған сәбилер арасындағы өлімнің басты себебі - ата-аналарының денсаулығы», - дейді. «Бала өлімінің басым бөлігі уақытынан бұрын босанғандарға тиесілі. Жоспарланбаған жүктілік деп те айтуға болады. Жүктілікті жоспарлап, кем дегенде 1,5 жыл аралықты сақтау керек, - деп есептейді Қуаныш Нысанбаев. –Бұл жерде алдын алу шараларының маңыздылығын да айта кету керек. Біздің орталықта медициналық қызметтердің сапасы бақылауда. Босанған әйелдермен жұмыс жүргізіледі. Уақытынан бұрын босану және бала салмағының аз болуы өлімге әкеледі. 2018 жылы облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған сәбилер арасында 108 өлім тіркелді».

Әрине, шала туған шақалақтардың қатарға қосылып жатқандары да бар, бұл ретте дәрігерлердің тынымсыз еңбектерін жоққа шығаруға болмайды. Алайда көңілге қаяу түсіретін тұстар да жоқ емес. Облыстық перинаталдық орталықтың неонатология бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Әбекеева: «Біздің орталықта уақытынан бұрын босанатындар саны артып отыр, соның ішінде салмағы тым аз сәбилер де бар. 2018 жылы салмағы өте төмен 300 нәресте түсті, олардың иммундық жүйелері төмен деңгейде болады. Аналарынан жыныстан тыс дерттер анықталды. Интергеникалық аралықты сақтамау проблемасы да жиі кездеседі. Бір қарағанда жай нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ осының бәрі баланың иммундық жүйесіне әсер етеді», - дейді.

Бала өлімін облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері мерзімінен бұрын туу, жүкті әйелдердің тіркеуге кеш тұруы, құрсақ ішіндегі инфекциялар секілді бірнеше себептермен байланыстырады. Өңірдегі барлық емханалар мен ауруханаларда отбасын жоспарлау және репродукция бөлімдері ашылды. «Аналар мектебі» жұмыс істейді. Алдын алу шараларын жүргізуге қажет жағдайлар жасалған. «Барлық жерде патронажды мейірбике бар, олар жас аналармен жұмыс істеп, бәрін түсіндіреді. Тек соларға барып, айтқан нұсқауларының бәрін толық жасау керек, бірақ көп жағдайда бұл айтылғандар орындалмайды, - дейді Қуаныш Нысанбаев.

Балалар өлімінің жыл санап көбейіп келе жатқанын облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс педиатры Райса Баймұқанова да жасырмайды. 2017 жылы 146 сәби шетінесе, 2018 жылы бұл сан 176-ға жетті. «Әрине, жақсы көрсеткіш емес, бірақ бұл дәрігерлердің біліктіліктері төмендігін көрсетпейді, - дейді педиатр. - Әйелдердің денсаулықтары көңіл көншітпейді. Солай екен деп құр қарап отырғанымыз жоқ. Алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр».

Кім қалай дегенмен де, деректің бары шындық және жақсы жайт емес. Бала өлімі негізінен облыс орталығы Атырау қаласында көп тіркелген. Қазір аймақта 10 акушер-гинекологтің орыны бос тұр.

..Анасын бала, баласын ана жоқтамағанға не жетсін?

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

23.02.2019

Мақсат - әр тұрғынға отыз шаршы метр баспана беру

23.02.2019

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы үшін гарнизондық жиын өтті

23.02.2019

Лондонда қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу