Әлем • 09 Қаңтар, 2019

The Points Guy: Қазақстанда құрметті қонақтарға қой миы тартылады

924 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«The Points Guy» басылымы жақында «Қазақстанда құрметті қонақтарға қой миы тартылады немесе басқа да тәжірибелер» деген тақырыппен көлемді мақала жариялады. Назарларыңызға мақаланың қысқаша мазмұнын ұсынып отырмыз.

The Points Guy: Қазақстанда құрметті қонақтарға қой миы тартылады

Неге Қазақстан?

Жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын мемлекет болғандықтан, Қазақстанның таулары мен жазықтары саяхатшының әр түрлі сұранысын қанағаттандырады. Мұнда саяхатшылар көптеген тосын сыйларды кездестіре алады.

Бірақ Қазақстанға келудің ең жақсы себептерінің бірі қазақтың керемет қонақжайлығы болса керек. Қазақ халқының өте шырайлы және шынайы, әрі қонақжай халық екенін кез келген жерден көруге болады. Шын мәнінде, қазақ халқы қонақтарының көңілінен шығу үшін барын салады. Дастарханнан түрлі дәмді кездестіруге болады, тіпті қойдың миын да (бұл туралы кейінірек).

Қазақстанның туристік орындары

Қайыңды көлінің ағаштары қайран қалдырады

Мөлдір су және таулы жердің керемет табиғаты Қайыңды көліне үшін бару үшін жеткілікті болар еді, алайда су ішінде өскен ағаштар көлдің сәнін одан әрі асқақтата түскендей. 1911 жылғы жер сілкінісі табиғи бөгеттерді құлатып және қардың еруі осындай әдемі көлдің пайда болуына әкелді. Көлдің суық суы ағаштарды ғасырдан астам уақыт бойы сақтауға көмектесті.

Алтын адам

1969 жылы Есік қорғанынан 2000 жылдан астам тарихы бар алтынмен көмкерілген мумия табылды. Бұл «ер адам» (жынысы нақты белгісіз) өте  құнды мұра, бірақ КСРО мұны елеусіз қалдырды. Алайда ол қазақ тарихының, мақтаныш пен тәуелсіздіктің символына айналды.

Қожа Ахмет Ясауи

Ясауи өлімінен кейін 200 жылдан соң, яғни 14-ғасырда салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі әлемдегі теңдессіз туындылардың бірі. Түркістан қаласында орналасқан ғимарат – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген, бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, суфизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің құрметіне салынған.

Алматы қаласы

Қазақстанның ең космополитикалық қаласы - Нью-Йорктің нұсқасы. Алматы халқы тығыз орналасқан. Мұнда мейрамханалар мен түнгі өмірдің кереметін тамашалай аласыз. Апорт алманың отаны саналатын бұл аймақтың атауы да алмамен тікелей байланысты.

Қазақ асханасы

Әдемі, табиғи көрікті жерлер мен тарихи ескерткіштерден басқа, қазақ асханасы да түрлі тағамға бай. Мұнда сіз мейрамхана мәзірінен ет тағамын да таба аласыз. Ет  - Қазақстанның ұлттық тағамы, әдетте жылқы етінен дайындалады және кеспе қосылады. Қазақстанда жылқы еті мен сүтін пайдалану сиыр еті мен сүтін пайдалану сияқты кең тараған.

Ал үйлену тойы мен туған күн сияқты салтанатты іс-шараларда құрметті қонақтарға көбіне пісірілген, қайнатылған қой басының түрлі бөліктерін, оның ішінде ми, көз және тіл ұсынады.

Атышулы Борат

Мен бұл кейіпкер туралы айтқым келмеді, бірақ ол туралы менен көп адам сұрады. Қазақстан туралы оқыған кезде адамдардың көбісі Борат туралы ойлаған деп сеніммен айта аламын. Өздеріңіз білетіндей, Борат - толық ойдан шығарылған кейіпкер, Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ. Ал бұл фильміндегі көріністер румын ауылында түсірілген.

Саяхаттауға қай кез қолайлы?

Жаз мезгілі әдетте Қазақстанға бару үшін ең қолайлы уақыт. Сіз таза ауада рахаттанып демала аласыз. Алайда елдің оңтүстік аймақтарында бұл уақытта температура өте жоғарғы деңгейге дейін көтеріледі.

Елдің шығыс пен солтүстік өңірлерінде қыс қарашадан сәуірге дейін созылады, ал қыста ең суық күндер минус 40 градустан төмен түсуі мүмкін. Шымбұлақ демалыс орны туристер үшін таптырмас орын. Курорт Алматыдан оңтүстікке қарай 20 минуттық жерде орналасқан, және аспалы жол билеттерінің құны $10-дан $ 22-ге дейін өзгереді. Сондай-ақ Медеу мұз айдыны да өзінің әдемілігімен туристерді таң қалдырады.

 

Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар