Қазақстан • 12 Қаңтар, 2019

Қызылордада наркологиялық есепте тұратындар саны азайды

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылы есепте 860 адам болған болса, бүгінде олардың қатары 127 азаматқа кеміген.

Қызылордада наркологиялық есепте тұратындар саны азайды

Нашақорлық - жегі құрт. Олардың қатарында жастардың көбейіп жатқандығы жасырын емес. Мәселен, 733 адамның жетпіс төрті отыз жасқа дейінгі жасты құраған. Ал, олардың қатарында үлкен өмірге енді қадам жасаған жасөспірімдердің болғандығы қоғамды алаңдатады.

- 2017 жылы наркологиялық орталықтың есебінде 860 адам есепте тұрған еді. Ол былтыр 733 адам болды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда есепте тұратындар 127 адамға кеміді. Дегенмен, 196 адам біздің орталыққа алғаш рет тіркеліп отыр. Ұзақ емделіп біздің есептен шығарылатын азаматтар да бар, - деді Қызылорда облыстық наркология орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Гүлайым Сейілханова.

Осы жерде емделіп жатқан ересек азаматтар өздерінің бір кездері жіберген үлкен қателігін бүгінгі жастар қайталамаса екен деген ниетін аңғартып жатады. Тұла бойын құрттай кеміретін кеселмен өмір толқынындағы кедергілерге байланысты барғандарын өкінішпен еске алған олар осы дерттен құлантаза айығып кетулерін тілейді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы