Футбол • 12 Қаңтар, 2019

Бақтияр Зайнутдинов «Ростов» клубымен келісімшартқа отырды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының 20 жасар жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов «Ростов» клубымен келісімшартқа отырды.

Бақтияр Зайнутдинов «Ростов» клубымен келісімшартқа отырды

Бақтияр өз карьерасын «Тараз» клубында бастады. 2018 жылы «Астана» клубына ауысты. Өткен күзде УЕФА Еуропа Лигасында 6 матч ойнап, бір доп соқты.

Сондай-ақ, Зайнутдинов УЕФА Ұлттар Лигасы кездесулерінде Қазақстан құрамасы үшін 6 матчқа қатысты. Бақтияр 2017 жылы чемпионаттың үздік ойыншысы атанды. Зайнутдинов «Астана» үшін 35 матчты ойнап, 7 гол соғып, екі пас берді.