Балқаш көлі маңына бұқар бұғысы оралды

Жаңа жыл қарсаңында Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватына еліміздің оңтүстік өңірінен әкелінген бұқар бұғысы жіберіліп, жерсіндіру жұмыстары басталды.

Егемен Қазақстан
12.01.2019 24962
2

Дүниежүзінің «Қызыл кітабына» енген бұқар бұғысы - табиғат ерекше жаратқан тіршілік иесі. Әлемде санаулы ғана аймақтарда кездесетін жабайы жануар шөлейтті өңірде тірлік етуге бейімделген кәдімгі бұғытұқымдастар тобына жатады. Қазақстанда бұғының бұл түрі ерекше тізімге алынып, мемлекет тарапынан қорғалады. Қазір негізінен «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өӊірлік табиғи паркі аумағында өсіп, көбейіп келеді.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары аңшы мылтығының қарауылына жиі ілінгендіктен әрі табиғаттағы ашық кен-қазба жұмысының бей-берекет жүргізілуі мен егістік алқаптарды есепсіз жыртудың зардабы тиіп, Балқаштың құмды-шөлейтті өңіріндегі бұқар бұғысы жойылып кеткен екен. Эколог ғалымдар өндіріс пен ауыл шаруашылығының өркендеуі Балқаш көлі маңынын флорасы мен фаунасына айтарлықтай зиян тигізгенін сол 1960-70 жылдары-ақ дабыл қаққан болатын. Көл маңындағы қопалы қамыстың жаппай шабылып, өртеліп азаюынан өлкедегі тұяқты дала жануарларынан бөлек, жыртқыш аңдар да жойылып кеткені анық. Зерттеулер бертінге дейін Балқаш жағалауында жолбарыс жортқанын дәлелдеп те берген.

Бүгінде адам қолынан зиян шеккен табиғатты қалпына келтіруге қыруар қаржы жұмсалып жатыр. Бұл іске Біріккен Ұлттар Ұйымының «Дүниежүзілік жабайы табиғат» қоры кірісіп, «Қызыл кітапқа» кірген жануарлардың тұқымын көбейтуді қолға алған. Іле-Балқаш резерватына бұқар бұғысын көшіру жұмысы да осы қордың қолдауымен іске асты.

Қазір Балқаш көлі маңына арнайы салынған бейімдегіш вольерге жіберілген 2 аталық және 3 аналық бұғы қорықшылардың бақылауында. «Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі ассоциация» өкілдерінің пайымдауынша, бір кездері Балқаш жағалауын мекендеген бұқар бұғысы түпкі мекендерін жатсынбай, тез бейімделіп кетуі тиіс. Ал «Дүниежүзілік жабайы табиғат» қоры келешекте Балқаш көліне дала жолбарысының оралуына қам жасап жатыр екен. Ол үшін осы маңнан жойылып кеткен тұяқты жануарлардыӊ барлық түрі мен санын көбейтіп, қалыпына келтіру керек. Бұған дейін резерватқа жіберілген жабайы қабан тұқымы жыл санап көбейіп келеді. Енді аз жылда бұқар бұғысы да отарға айналары сөзсіз. Ал алдағы 30-40 жыл көлемінде Балқаш жағалауына жолбарыс қайта оралса, ғажап болар еді...

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.03.2019

Президент Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

ЮНЕСКО Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі

22.03.2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

22.03.2019

Өскеменде Наурыз мерекесі бұлақ көзін ашудан басталды

22.03.2019

Элизабет ел үмітін ақтады

22.03.2019

Қос теннисшіміз екінші кезеңге шықты

22.03.2019

Азия чемпионатында алты балуанымыз жүлде алды

22.03.2019

«Ақжайық» футбол клубы елордаға Нұр-Сұлтан есімін беруді қолдайды

22.03.2019

Шүменов Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін

22.03.2019

Игита Қазақстанның ең үздік қақпашысы атанды

22.03.2019

Сенат Төрағасы Д.Назарбаева көңіл айту жеделхатын жолдады

22.03.2019

Атырауда Наурыз мерекесін тойлау кезінде әлемдік рекорд орнатылды

22.03.2019

Талдықорған тұрғындары 5 000 литр көже ішіп, 1 тонна бауырсақ жеді

22.03.2019

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа 10 жыл

22.03.2019

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда мұнай, жанармай шығару өскен

22.03.2019

Президент Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

22.03.2019

Бауыржан Тортаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды

22.03.2019

Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

22.03.2019

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу