Өнер • 13 Қаңтар, 2019

Анасы қазақ болгариялық әнші I am singer жобасына қатысады

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анасы қазақ болгариялық әнші Кристиан Костов Қытайдағы I am a Singer жобасында бағын сынап көрмек.

Анасы қазақ болгариялық әнші I am singer жобасына қатысады

Байқаудың бірінші кезеңі 11 қаңтар күні өтті. Онда К.Костов Beautiful Mess әнін орындап, 4-орынға қол жеткізді. Байқауды Қытайдың Hunan TV арнасы көрсетеді. Іріктеу кезеңі 18 қаңтар күні эфирге шығады.

18 жастағы Кристиан Костов Мәскеуде туып-өскен. Оның әкесі Константин - болгар, анасы Заура - қазақ. Ол 2017 жылы Болгарияның атынан Киевте өткен "Евровидени" байқауына қатысып, екінші орын алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы I am a Singer жобасына Димаш Құдайберген қатысып, екінші орын алған еді.