Қазақстан • 14 Қаңтар, 2019

Түркітанушылардың әлемдік конгресі өтеді

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Түркі акаде­мия­сының президенті, профессор Дархан Қыдырәлімен кездесті және оның барысында тараптар Түркі академия­сы қызметінің 2018 жылғы қорытындыларын талқылап, болашақтағы ынтымақтастықтың перспективалық бағдарларын бекітті.

Түркітанушылардың әлемдік конгресі өтеді

Тараптар 2019 жылда өт­кі­зуге жоспарланған Түркі­тану­­шылардың дүниежүзілік кон­­гресіне дайындық жұмыс­тары­ның барысын талқыға салды.

Сұхбат барысында ай­тыл­­ғандай, барша түркі әле­мі­не маңызы зор оқиға бола­тын Түркі­танушылардың дүние­жү­зілік конгресі дүние­жү­зілік түркі­танудың қайта өр­кен­деуіне және осы ғылымның ағым­дағы күйін, жетістіктерін, мә­селелері мен перспективаларын терең сарапталып, жаңа көзқарастан өткізуге үлкен ықпал етуі тиіс.

Б.Атамқұлов түркі ынты­мақ­­тас­тығының дамуы жаңа бір ке­зеңге өткенін және Мем­лекет басшысы түркі интегра­циясына өте маңызды мән бе­ре­тінін атап өтті. «Түркі халық­тарының арасында бауыр­лас қатынастарды нығайту мен түркітану ғылымын түркі өр­кениетінің жетекшісі ретінде дамыту, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағ­дар­ламалық мақаласында бекітілген қағидаттарды жү­зе­ге асыру қажет­тіліктерін ес­ке­ре келе, минис­­трлік осы мәсе­ле­лерге баса назар аударады және жоспар­лан­ған іс-шараларды ұйым­дас­тыру мен өткізуде жан-жақты қолдау көрсетеді» деді министр.

Д.Қыдырәлі Сыртқы іс­тер министрлігі тарапынан Ака­де­мия қызметіне жасалған қолдау үшін үлкен алғысын білдірді. Кездесу шеңберінде ол 2019 жыл­дың ортасында ЮНЕСКО штаб-пәтерінде (Париж қ.) Түр­кі акаде­миясына мүше-мем­ле­кеттер ға­лым­­дарының қаты­суымен өтетін «Ұлы дала: мәдени мұра мен дү­ние­жүзілік тарихындағы рөлі» ат­ты іс-шара жөнінде ақпарат берді.