Спорт • 14 Қаңтар, 2019

Галышева кезең жеңімпазы атанды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың Калгари қаласында могулдан (фристайл) өткен әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Юлия Галышева топ жарды.

Галышева кезең жеңімпазы атанды

Пхенчханда өткен Олимпия ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева финалдық кезеңде 79,10 ұпай жинап, алтын медальға қол жеткізді. «Әлем кезеңіне өте жоғары деңгейде дайындалдық. Олимпиададан кейін жоғарыға секіру жаттығуымды күшейттім. Енді бұл жаттығуда ұпай саны бойынша ешкімге есе жібермеймін. Бұл мен үшін ұзақ күттірген жеңіс болды. Калгариде жеңіске жетуді қатты қаладым, өйткені Канадада ешқашан жеңіс тұғырына көтерілген жоқ едім», дейді Галышева.

Бұған дейін Юлия Галышева Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленген-ді.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»