«Астана Опера» театры Еуропадағы гастролін тәмамдады

«Астана Опера» театрының еуропалық турнесі үлкен табыспен Италияда өз мәресіне жетті. Әртістер бір ай бойы хореографиялық өнердің жауһар туындылары - П.Чайковскийдің «Щелкунчик» және «Аққу көлі» балеттерімен өнер көрсетті. Осынау айтулы мәдени оқиға Испания мен Италияның жетекші БАҚ құралдарында кеңінен таратылды. Спектакльдерді тамсана тамашалаған көрермен қауым әлеуметтік желілерде 500-ден астам пікір қалдырған.

Егемен Қазақстан
14.01.2019 3912
2

L’Eco және Liguria Notizie газетінің белгілі журналисі Клаудио Альманци былай деп жазған:

- Генуяда «Астана Опера» балет әртістері классикалық өнерді бағалаушылардың сенімін толығымен ақтап шықты. Карло Феличе театрында «Щелкунчик» балеті үздік деңгейде ұсынылған болатын, бұл - елордалық труппаның нағыз жетістігі болды. Көрерменге нағыз сиқырға толы ғажайып кеш сыйға тартылды. Көпшілік қауым әйгілі өнер майталманы Юрий Григоровичтің тамаша қойылымын, керемет хореографиясының тартымды қиялын бар ынтасымен тамашалады. Ең жоғарғы  деңгейде 36 балет шеберінен тұратын басты партия орындаушылары мен кордебалет әртістеріне  және балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратоваға жалынды қошеметімізді білдіреміз. «Астана Опера» театры тек 2013 жылы ғана құрылғанына қарамастан, аз уақыт ішінде халықаралық деңгейде көпшілікке белгілі әрі танымал театрлардың біріне айналды.

Итальяндықтар мен испандықтар әлеуметтік желілерде толассыз пікір білдіріп жатты. Мысалға, қазақстандық труппаны сүйіп тамашалайтын Gabriella Cavallaro тұрақты түрде «Астана Опера» әртістерінің өнері туралы пікірлер мен түсініктер жазады: Мінсіз орындау, сирек кездесетін бірегей өнер! Құттықтаймыз! Біз 13 қаңтарда өтетін спектакльге тағы келеміз... Барлығы керемет болады деп ойлаймын, астаналық труппа - ғажап (- Parole sante! Una esecuzione perfetta, una arte rara, unica! Complimenti! Ci saremo il 13 ....penso sia bellissimo la compagnia di Astana sono bravissimi)!

Валенсияда (Италия) Алтынай Асылмұратованың қойылымындағы П.Чайковскийдің «Аққу көлі» спектаклі туралы News4europe.eu, Valenciaplaza.com, Efe.com, Micuenta.levante-emv.com, Elperiodicodeaqui.com, Premsavalenciana.es ақпараттық агенттіктерінің журналистері және т.б. қызықты пікірлер жазды.

- Бас партиялардың орындаушылары Әйгерім Бекетаева (Одетта – Одиллия), Олжас Тарланов (ханзада Зигфрид) пен Серік Нақыспеков (Шут) жұртшылықтың назарын өздеріне аударды. Серік Нақыспеков керемет апломб әдісін паш етті, алайда көрермен қауымды әртістің жүзіндегі күлімсіреген жылылықты сақтай отырып, көптеген күрделі пируэт жасау қабілеті таңғалдырды. Сұңғақ та сымбатты Әйгерім Бекетаева мен Олжас Тарланов түрлі сезімдер гаммасын тамаша жеткізді, сөйтіп, қазақ балет мектебі – тек классикалық би техникасын меңгеру ғана емес, сондай-ақ өз партиясын актерлік тұрғыдан алып шығу шеберлігі екендігі белгілі болды. Дирижер Арман Оразғалиев оркестрге керемет жетекшілік етті: музыканттардың ойнауы өте әдемі болды, - дейді Efe АА журналисі.

Пенадес Ньевес есімді көрермен премьерадан соң әлеуметтік желіге осы балетті күн сайын көре бергісі келетіндігін жазды (Penades Nieves: Espectacular! La vería todos los días!).

«Аққу көлі» спектаклінің соңғы бес қойылымын қазақстандық әртістер Италияда көрсетті. Мұнда балет труппасын асыға күткендігін айтпаса да түсінікті. Барлық кешке билеттер сатылымға түскен сәттен-ақ сатылып кеткен. Балет өнерінің жауһарын тамашалауға итальяндықтар Генуяға көршілес қалалардан келді.

Әртістер Қазақстанға 14 қаңтарда қайтып оралады, олар шамалы шаршағандарымен, шетелде елімізді тиісті деңгейде көрсете білгендері үшін бақытты.

Еске салар болсақ, еуропалық гастроль 2018 жылдың қараша айында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің ұлттық жауһары – «Абай» операсын орындаумен басталып, Италия мен Испаниядағы балет спектакльдерімен жалғасын тапқан еді.

Гастроль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу