Әлем • 14 Қаңтар, 2019

Иранда Боинг 707 ұшағы апатқа ұшырады

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тегеран маңында Boeing 707 карго ұшағы апатқа ұшырап, 15 адам қайтыс болды. 

Иранда Боинг 707 ұшағы апатқа ұшырады

Қазақстанның Ирандағы елшілігінің ақпараты бойынша, Тегеран маңында апатқа ұшыраған Boeing 707 ұшағының бортында қазақстандықтар болмаған. Біздің дипломаттар Иран құзырлы органдарымен және Ирандағы Қырғызстанның елшілігімен байланыста. Нақтыланған ақпарат қосымша беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тегеран маңында Boeing 707 ұшағы әуежай маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 16 адам болған, олардың біреуі құтқарылды.