Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

Халық қалаулысы Аягөздің 156 бүлдіршінін қуанышқа бөледі

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аягөз ауданындағы мүмкіндігі шектеулі 156 балаға, атап айтар болсақ, аудан әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығына қарасты 136, аудандық мүгедектер қоғамының 20 мүмкіндігі шектеулі балаларына Парламент Мәжілісінің депутаты, атымтай жомарт азамат Нұртай Сабильянов Жаңа жылға орай арнайы сыйлықтар мен құттықтау хаттарын жолдапты.

Халық қалаулысы Аягөздің 156 бүлдіршінін қуанышқа бөледі

Халық қалаулысының балаларға арналған базарлығын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Габдулина табыс етті.

Мерекелік іс-шараға көптеген ертегі кейіпкерлері ерекше сән беріп, жиналған балаларға жан жылуын сыйлады. Шексіз қуанышқа бөленген балалар әсем шыршаны айнала жаңа жылдық тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, ойындарға қатысып шат-шадыман болды. Кеш соңында балалар Аяз атамен және ертегі кейіпкерлерімен естелік суретке түсті. Осы орайда Жарма, Үржар аудандары балаларына да осындай Жаңа жылдық базарлық жолданғанын айта кеткен жөн.

Ерекше атап өтерлігі, бұл - Нұртай Салихұлының алғашқы сыйлығы емес. Бұл он төрт жылдан бері дәстүрге айналып келе жатқан үрдіс.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы