Аймақтар • 15 Қаңтар, 2019

Облыста апат жағдайында 5 мектеп бар

885 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы №31 және №33 мектеп ғима­раттары, Ақ­жайық ауда­нын­дағы Абай атындағы гимназия, Ма­хамбет Өте­місов атын­дағы орта мектеп және Қазталов ауда­нындағы Алма Оразбаева атындағы орта мектеп ғимараты апат жағ­дайында тұр. Батыс Қа­зақ­стан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова биыл Чапаев пен Қазталов ауылдарында жаңа мектеп құрылысы басталатынын айтады.

 

Облыста апат жағдайында 5 мектеп бар

2018 жылы облыста білім саласында 7 ғимарат жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Оның төртеуі – орта мектеп ғи­мараттары. Мәселен, Орал қа­ла­сына қарасты Деркөл кен­тін­де 600 орындық, Зашаған кентінде 900 орындық мектеп салынса, Ақжайық ауданының Шабдаршап ауылында 198 орын­дық мектеп ғимараты, Бәйтерек ауданы Дариян ауылында 300 орындық мектеп 100 орындық интернатымен бірге салынып, қазір сабақ жүріп жатыр.

Бұған қоса Бөкей ордасы ауда­нының орталығы Сайқын ауылында 70 орындық интернат, Қазталов ауданы орталығында саз мектебі, Ақсай қаласында 240 орындық балабақша пайдалануға берілген.

Теректі ауданының Сары Өмір ауылында 48 орындық са­уық­­тыру лагері ғимаратының құ­ры­лысы жалғасуда.

Орал қаласындағы мемлекет­тік тілде білім беретін мектептер­де орын тапшылығы сезіледі. Мәсе­лен, 2018-2019 оқу жылы­ның басында 5 үш ауысым­ды мектеп болған. 2018 жылдың соңында Сарытау шағын ­ауда­нында 900 орындық №50 мек­теп пайдалануға беріліп, үш ауы­сымды мектеп саны сәл азайды. Дегенмен, көпқабатты тұр­ғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан Зашаған кентіне әлі бір­неше мектеп керек. Шолпан Қа­ды­­рова осы ауданда №51 мектеп құ­­рылысы басталатынын хабарлады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы