Әлем • 15 Қаңтар, 2019

Қазақтың дәстүрі Моңғолияда тойланады

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3-4 наурыз аралығында Монғолияда Ұлан-Батор қаласының маңында дәстүрлі «Көктемгі алтын қыран фестивалі» өтеді. Бұл туралы Xinhuanet агенттігі жазды.

Қазақтың дәстүрі Моңғолияда тойланады

«Фестиваль этникалық қазақтардың аң аулау дәстүрін халықаралық деңгейде дамытуға және елдің туризмін кеңейтуге бағытталған», деді Ұлан-Батор туризм бөлімінің бастығының орынбасары Ценд Энхтувшин.

12-ші рет ұйымдастырылып отырған фестивальде 20-дан астам бүркітшілер қатысады. Жарыс барысында арнайы үйретілген бүркіттердің түлкі, қоян сияқты кішкентай жануарларды ұстау қабілеті сыналады.

«Фестиваль - еліміздегі ең танымал туристік іс-шаралардың бірі, фестивальға қатысатын отандық және шетелдік туристердің саны жыл өткен сайын артып келеді», деді Энхтувшин биылғы фестивальде туристер көп болады деген сеніммен.

Өткен жылғы фестивальге 4 мыңға жуық отандық және шетелдік туристер қатысты. Моңғолия мыңдаған жыл тарихы бар бүркітпен аң аулау дәстүрі қалыптасқан аймақ Бұл ұрпақтан ұрпаққа берілетін қазақ көшпенділерінің ерекше дәстүрі.

«Алтын қыран фестивалі» жылына екі рет Моңғолияда көктем және күз айларында өтеді. Күзгі фестиваль Баян-Өлгейдің батыс аймағында өтеді.