Әлем • 15 Қаңтар, 2019

Франциядағы «сары жилеттілер» шеруі ел экономикасына кедергі келтірген

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың қарашасында басталған  «сары жилеттілердің» жаппай наразылық шаралары Франция экономикасының өсуіне кері әсер еткен. Бұл туралы euronews.com хабарлады. 

Франциядағы «сары жилеттілер» шеруі ел экономикасына кедергі келтірген

Сарапшылардың бағалауы бойынша өткен жылдың соңғы тоқсанында ІЖӨ өсімі 0,2%-ды құраған. Жаппай демонстрациялар өнеркәсіптік өндіріс пен қызмет көрсету саласына әсер етті.

Париж мэриясындағы есептеу бойынша желтоқсан айында астаналық қонақ үй секторы 3% - ға қысқарған. Үкіметке қарсы манифестациялардың кері әсерінен туристер Францияға барудан бас тартқан. Air France KLM әуе компаниясы 15 миллион еуро шығынға батқан. Ал көтерме сауданың құлдырауына байланысты сауда орталықтары мен дүкендердің шығыны 2 миллиард еуроға жеткен.

Премьер-министр Эдуар Филипп осы жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы ІЖӨ-нің 3,2% - ға жететінін растады. «Сары жилеттілермен» болған жағдайдан соң президент Эммануэль Макрон Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға сапарын тоқтатуға мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше