Әлем • 15 Қаңтар, 2019

Аумағы алып түркі жұрты

892 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аумағы алып түркі жұрты

Түркі халықтарының ішіндегі аумағы ең үлкен рес­публиканы білесіз бе? Ә де­геннен есіңізге Қазақстан түсетіні анық. Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынға тұрақтаған кең жазира даламызға бес Франция сыйып кететінін айтқанда, кеудемізді мақтаныш кернейді. Бірақ бес Францияны емін-еркін орналастырып жіберуге болатын тағы бір түркі жұрты бар екен.

Ол – сонау Сол­түстік мұзды мұ­­хитымен ір­­­­­­гелес жат­қан Саха Рес­­публикасы. Айыбы Ресей Фе­де­ра­ция­сының құрамында болған­дығы демесеңіз, осынау тыныш жатқан байтақ өлкенің аумағы (3,1032 млн км²) жер кө­лемі жағынан сегізінші орындағы Аргентинадан (2,77 млн км²) үлкен, мұхитқа сұ­ғына еніп жатқан жетінші орындағы Үндістанның (3,3 млн км²) жер көлеміне же­­­теға­был. Жерасты қазба бай­­­лықтарымен дараланатын Саха жері әлемдік алмаз на­­рығында алдыңғы орында.

Дайындаған Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»