Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

Электронды үкіметтің даму рейтингісінде еліміз 39-орында

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында сөз алған Дәурен Абаев БҰҰ жүргізетін мемлекеттердегі электронды үкіметтің даму рейтингісінде еліміз 39-орында екенін хабарлады. 

Электронды үкіметтің даму рейтингісінде еліміз 39-орында

Ақпарат және коммуникация министрінің мәлімдеуінше, еліміз бұл тізімдегі дамыған мемлекеттер қатарында бар.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында электронды үкіметті жаңа e-Gov 3.0 сатысына көшіру жоспарланған. Бұл саты Оңтүстік Корея, Аустралия, Сингапур, Ұлыбритания, Дания және Швеция сияқты бірқатар озық мемлекетте қолданысқа ие. 

e-Gov 3.0 сатысы «жасанды интеллект», «проактивті қызметтер», «цифрланған өмір белестері» сынды элементтерді енгізу арқылы жүзеге асады. 
Министр Дәурен Абаевтың айтуынша, еліміз 2021 жылы толықтай жаңа сатыға көшіп үлгереді. Қазіргі таңда «Смарт Бридж» жобасы аясында жасанды интеллекттің элементтерін енгізу, проактивті қызметтер көрсету шаралары жүзеге асып жатыр.

Соңғы жаңалықтар