15 Қаңтар, 2019

Қазақстан жастар құрамасы шаңғымен жарысудан әлем чемпионатына аттанады

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндияның Лахти қаласында шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. 21-28 қаңтар аралығындағы додаға қатысатын Қазақстан командасының құрамы белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан жастар құрамасы шаңғымен жарысудан әлем чемпионатына аттанады

Ерлер арасында Олжас Климин, Әсет Дүйсенов, Влад Ковалев ел намысын қорғайды.

Ал әйелдер арасындағы бәсекеде Валерия Тюленова, Ксеня Шалыгина, Ангелина Шурыга, Эльмира Мутагаровалар бақ сынайды. 

«Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер командасы әлемдік додаға шақырту алды. Жасөспірімдер арасында үздіктер қатарына енгендер 2020 жылы Лозаннада өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысу үшін қосымша квотаға ие болмақ. Команда үздіктері алғашқы ондыққа енеді деген үміттеміз», - дейді Қазақстандағы шаңғымен жарысу федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров федерацияның ресми сайтында. 

Финляндиядағы әлем чемпионатына Қазақстан спортшыларын ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Каминский бастап барады. 

Қазақстандық команда классикалық стильдегі спринт, еркін стиль, масс-старт және эстафетада өнер көрсетеді.