Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

Ұлттық ұланда үздік әскери қызметшілер анықталды

783 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланның «Үздік батальон командирі», «ТжӘҚЖ бойынша батальон командирінің үздік орынбасары», «Батальонның үздік штаб бастығы» жеңімпаздарын анықтау бойынша өткізілген байқау-сайыста үздік әскери қызметшілер анықталды.

 

Ұлттық ұланда үздік әскери қызметшілер анықталды

Үздік  атануға әскерден келген 18 офицер сайысты.Олар әскери бөлім мен өңірлік қолбасшылықтарда өткен сайыстың екі кезеңінде де  үздік атанғандар. 

Шараның басты мақсаты – әскери ұжымды басқару бойынша офицерлердің тәжірибелік және ұйымдастырушылық жұмысына объективті және жан-жақты баға беру, жеке құраммен қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындау, қол астындағыларды оқыту мен тәрбиелеу, сондай-ақ, әскери қызметшілерді кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандыру мен тәжірибе алмасу болып табылады.

Осы себепті Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде жыл сайын байқау-сайысты ұйымдастыру дәстүрге айналды.

Қатысушылардың білімі жеке дайындығы негізінде келесі пәндер бойынша тексерілді. Олар: дене шынықтыру, атыс және саптық дайындық. Кәсіби дайындық деңгейі  мемлекеттік-құқытық дайындық, жалпы әскери жарғы талаптары және қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы  пәндері бойынша сыналды. 

Ұлттық ұланда батальондық бөлінісіндегі офицерлердің  кәсіби шеберлігінің деңгейін тексеру бойынша өткен байқау-сайыстың 3 ақтық кезеңінің жеңімпаздары болып келесі әскери қызметшілер атанды:

«Үздік батальон командирі» номинациясы бойынша 5573 әскери бөлімінің (Астана қ.) өкілі капитан Данияр Досанов, «Тәрбие және әлеуметтік-құқытық жұмыстар бойынша батальон командирінің үздік орынбасары» номинациясы бойынша 6637 әскери бөлімінің өкілі  (Петропавловск қ.) капитан Дулат Әбілмәжінов, «Батальонның үздік штаб бастығы»  номинациясы бойынша 6655  әскери бөлімінен келген (Ақтөбе қ.) аға  лейтенант Нұржан Бірімжанов жеңімпаз атанды.

Сайыс жеңімпаздары дипломдар мен ақшалай сыйақымен марапатталды.  Сайыстың қорытындысын жеткізу кезінде Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов 2019 жыл Ұлттық ұланда батальон бөлінісі офицерлерінің кәсіби дайындығы жылы болып жарияланғанын айтып өтті.

Атап өту керек, қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындау үшін  2018 жылы әскерде «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан  - елі мен халқына қорған!»  ұранымен жауынгерлік сайыс ұйымдастырылған болатын. Аталған сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы алды.Екінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығы,үшінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы місе тұтты.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі