Жер үшін жетпіс мың арызды арқалаған Ақтау

Ақтауда жеке үй салу үшін жер орнына кезекке тұрғандардың көп жылғы үміті аяқасты болғалы тұр. 2010 жылға дейін жүргізілген жер алу кезегі 70 мыңнан астам адамның арызын арқалаған алып кезекке айналып шыға келді. Бұл – республиканың өзге қалаларында кездесе бермейтін жағдай.

 

Егемен Қазақстан
15.01.2019 8645
2

Бір жағы теңіз, бір беті Мұнайлы ауданы, енді бір шеті өндірістік алаңмен астасып жатқан Ақтаудың жалғыз тынысы – көрші Түпқараған ауданының аумағына қарай аунау. Мәселені шешуде Түпқараған ауданы да сараңдық етпей, 4000 гектарға жуық жерді Ақтаудың аумағына қосып бере салды. Бірақ бұл кезектегі жетпіс мың жанның арызын ауыздықтау үшін емес, Ақтауды одан әрі дамыту үшін пайдаланылмақ.

Қазақстан республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі Қаулысына сәйкес, Ақтау қаласын дамытудың Бас жоспары бекітілген. Жоспар негізінде қала көпқабатты тұрғын үйлер, өндірістік және әлеуметтік нысандар салыну арқылы қанатын кеңге жайып, үлкейе түсуі межеленген. Құзырлы органдардың әр кездегі мәлімдемелеріне қарағанда, бұл аумақтардан жеке үйлер салу қарастырылмаған. Демек, бұл жер орнын алу үшін жылдап кезекте тұрғандардың жоғын түгендеп, кемтігін толтырмайды деген сөз.

Тиісті орындардың мәліметіне сүйенсек, жалпы Маңғыстау облысының жер көлемі 16564,2 мың гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 5228,0 мың гектарды, елді мекен жерлері 1098,0 мың гектарды, өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатынан басқа жерлер 245,4 мың гектарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер 223,4 мың гектарды, орман қоры жерлері 253,2 мың гектар, босалқы жер 9501,9 мың гектарды құрайды.

Төрт жағы құрсанған Ақтауда жер орынның таршылық ететіні түсінікті, алайда әу баста осынша адамды  жер теліміне телмірте үміттендіріп, одан бергі уақытта «әне береді, міне бередімен» алдаусыратып уақыт созудың, яғни «көтере алмайтын шоқпарды белге қыстырудың» қажеті бар ма еді?!

Бұдан он шақты жыл бұрын жаңадан Мұнайлы ауданының ашылуы Ақтау қаласындағы қордаланған біраз мәселенің шешілуіне оң әсерін тигізді. Талай үй сұрағандар мен жұмыссыздар жаңа ауданның тұрғындары атанып, иен даладан жаңа ауылдардың бой көтеруіне сеп болды. Бірақ, Ақтау қаласындағы бос жатқан 80 мың гектар жердің жартысынан көбін иемдене бой көтерген  жаңа аудан Ақтаудан жер орнын аламыз дегендердің үмітін облыс орталығының мойнына қарыз етіп қалдырды. 70 мың адамның арызын қанағаттандыру үшін барлық коммуникациялық қажеттіліктерімен қамтылған 10 мың гектарға жуық жер керек, бұл жаңа қала тұрғызумен бірдей салмақ түсіреді екен.

         70 мыңнан астам арызды қанағаттандырудың мүмкін еместігін білген Ақтау қалалық әкімдігі мен Маңғыстау облыстық Жер қатынастары басқармасы мәселені шешудің жаңа тәсілін ұсынды. Олар Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын ауылдарының шығыс бетінен алынған аумақтан типтік жобадағы үйлерді салып, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жер орын үшін кезекте тұрғандарға шаршы метрін 120 мың теңгеден алуды ұсынып отыр.

- Ақтау қаласының бас жоспарында жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесі қаралмағандықтан бұл мәселе осылай шешілмекші. Шаршы метрі 120 мың теңгеге бағаланатын тұрғын үйді алу-алмау тұрғынның өз құзырында, - дейді Маңғыстау облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетов.

Ал кезектегілер болса бұл ұсынысты қуана құп ала қойған жоқ. Сан жылдардан бері сарыла күткен кезектерінің соңы сиырқұйымшақтанғанына күйінген олардың реніш реуіштегі пікірлерін іркіп қала алмауы түсінікті. Сонымен, жоқ жерді тауып беру мүмкіндігі мүлдем жоқ құзырлы орындардың ұсынысы үстемдік алып, жер кезегіндегілерге көпқабатты үйден ұсынылған бағамен үй алудан басқа жол жоқ сынды.

 Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

22.02.2019

Алдағы уақытта мұнай қымбаттай ма?

22.02.2019

Дзюдошыларымыздың Дюсельдорфтағы қарсыластары анықталды

22.02.2019

Өткен тәулікте 43 мың текше метрден астам қар жиналды

22.02.2019

Қай министрліктер мемқызметшілерге артық жұмыс істетіп отыр

22.02.2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

22.02.2019

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ынтымақтастыққа уағдаласты

22.02.2019

Астана қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтары белгіленді

22.02.2019

Солтүстік Қазақстанда әлемдегі ірі қалайы  кен орны ашылады

22.02.2019

Алматы қаласының энергоқауіпсіздігін нығайтқан жоба аяқталды

22.02.2019

Жетісулықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен жүздесті

22.02.2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

22.02.2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

22.02.2019

Кеше елордаға бір мың тоннадан астам көмір жеткізілді

22.02.2019

Қазақстанда отандық өндірістегі РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы арзандады

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

22.02.2019

Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды

22.02.2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

22.02.2019

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу