Әлем • 15 Қаңтар, 2019

Македония бұдан былай екі тілді мемлекет

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Македония бұдан былай екі тілді мемлекет. Бұл туралы парламент спикері Талат Джафери хабарлады.

Македония бұдан былай екі тілді мемлекет

Парламент отырысында албан тіліне мемлекеттің ресми тілі статусы берілді. Жаңа заңды 120 депутаттың 69-ы қолдады. Қарсы тарап қатарында мемлекет президенті Герге Иванов та бар. Ол заңға қол қоюдан бас тартты. Онымен қоса мемлекеттің консервативті оппозиция блогы қарсылығын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, Македония халқының төрттен бірі - албандықтар. Бұған дейін албан тілі тек этнос тұрып жатқан аймақтарда ғана ресми тіл статусына ие болған.