Ескі тарихтың жаңаша жазылуы

Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегіндегі инновациялық тұжырымдамалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Егемен Қазақстан
16.01.2019 1959
2

Елбасының бағдарламалық мақа­ла­сындағы ұлт тарихын зерттеу, тарихи сананы жаңғырту бойынша жаңа тұжы­рымдамалық амал-тәсілдер мен идея­ларды ашып көрсету мақсатында ұйым­дастырылған шараға белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы да­ла­ның жеті қыры» атты тұжырымдамалық мақаласы ұлттық тарихты жан-жақты және жүйелі зерттеудің қажеттілігін ай­қындап, отандық және шетелдік мұрағат қорларынан Ұлы дала тарихы бойынша жаңа материалдар мен құжаттарды те­ріп-жинақтаудың, оның қалың қауым­ға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақ­сатында цифрлық жүйеге көшірудің өзек­тілігін арттырып отыр.

Қазақстан тарихына қатысты жаңадан табылған және ұлттық тарих жөніндегі жаңа білімді қалыптастыратын мұрағат деректерінің негізінде жасалған ғылыми еңбектерді жарыққа шығарудың маңызы даусыз. Ол үшін тарихи мұраны мақсатты зерделеу, Қазақстан тарихын әлемдік та­рихтың құрамдас, айырғысыз бөлігі ретінде жүйелі зерттеу қажет.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тарихи мұра, ұлт тарихын зерттеп-зер­делеу мәселелерін, тарихи сананы жаң­ғыртудың Қазақстан қоғамын дамыту­дағы рөлін, «Архив-2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен теледидардағы көрінісі» атты іргелі бағдарламаларға жеке-жеке тоқталды.

Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Олжас Сүлейменов: «Біздің тарихымыз ұзақ уақыт бергі жақтан бас­талып, соңғы екі-үш ғасырды ғана оқып келдік. Ал шын мәнінде сонау шумерлар заманынан бері қазақ тарихы менмұндалайтын. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Елбасының бастамасымен біз тарихымызды қайта зерттеп, зерделеп жатырмыз. Әлі күнге дейін қойнауы ашылмаған, қыртысы алынбаған мол дүниелеріміз жатыр. Өткен тарихымызға ұлт ретінде қызығатын адамдар көбейді. Бұл қуантады. «Ұлы даланың жеті қы­ры» атты Елбасының мақаласы қалың жұртшылықтың сол ықыласына жаңа серпін берген дүние болды. Бүгінгі дөңгелек үстелдің де түп мәні сол – қазақ та­рихын жаңа заманға өте түсінікті етіп жеткізу. Айтып, талқылап болдық. Енді жұмыс істейік», деді. 

Шараға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков елімізде деректану ғылымының дамы­май отырғанын айтты. «Бізде деректану ғылымы дамымай қалған. «Анау айтты немесе мынау айтты» дей береміз. Тарих­тың бәрін де айналып келгенде жа­сайтын өзіміз, яғни халық. Шежі­реге сүйенгенімізбен, нақты деректер­ге баса маңыз беруіміз керек. Бұрынғы тарихтан айырылып қала жаздадық. Енді жылап көрісіп жатырмыз. Кезінде Елбасына тәуелсіздік дәуірінде мемлекеттің шежіресін жасамаймыз ба деген едім. Мемлекет басшысы сол кезде қолдау білдіріп, 14 томын шығарып, тұсаукесерін өткізген едік. Ақыры оның елу томын да шығардық.

Кезінде Мағжан ақынның өзі де түркінің қарашаңырағы қазаққа қалғанын айтқан. Мен, мәселен, сонау жетінші ғасырдағы Орхон ескерткіштерін зерттеген адаммын. Осы уақытқа дейін бір адам бұл сөзіме қарсы келген жоқ, өйткені олардың бәрі де қазақ», деді ғалым.

Дөңгелек үстелге қатысқан ғалымдар Ұлы дала тарихын жаңаша жазып, тіпті мектеп бағдарламасында тарих оқулықтарын ретке келтіру керек деген пікірлерін де ортаға салды. 

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу