Білім мен руханият ордасы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы халқымыздың кемел келешегіне жол көрсететін келелі ой, батыл шешімдерге құрылған ұлттық бағдарлама және адамзаттық ақыл-ойға ықпал ететін әлемдік рухани тұжырымдама деп айтуымызға болады. Елбасы мақаласын әлем ғалымдары мен саясаткерлері, философтары «Назарбаев ілімі» ретінде зерттеп, зерделеуі оның әлемдік өркениеттегі маңызын білдіріп отыр.  

Егемен Қазақстан
16.01.2019 2646
2

Сананы жаңғыртуды, ұлттық болмыс­тан, ұлттық кодтан айырылып қалмай саяси-экономикалық жүйенің дамуымен үйлестіре отырып, ел игілігіне жаратуды басты мұрат тұтқан мақала халыққа ой салатын кемеңгерлік идеялар мен жасампаз бастамаларға толы. Сондықтан бұл мақала тек қазақ қауымын ғана емес, әлем халықтарының санасын сіл­кін­діріп, қазіргі жаһандану кезінде қай ұлттың да баянды болашағына жол сілтейтін кемел құндылыққа айналды. Бүгінде аталған бағдарлама аясын­да ұлт руханиятын жаңғыртудың бірегей моделі жасалды. Тарихты білу, өлкетануды меңгеру – бүгінгі және келер ұрпақтың өз тарихының тамыры терең, көкжиегі кең болғанын біліп өсуіне, ата-бабаларының адамзат өркениетін жасауға араласқанына көздерін жеткізеді. 

Ұлт болмысы мен санасын рухани жаңғыру аясында өзгерту мен қалыптас­тыруға ғылымның әлеуеті аса қажет. Қор­қыт Ата атындағы Қызылорда мем­лекеттік университетінің ғалымдары Елба­сы­мыздың болашаққа бағыттаған идеясы – рухани жаңғыруға өзінің нақты үлесін қосуда. Бұл тұрғыда қорқыттану бағы­тын­дағы ғылыми-зерттеулердің орны мен маңызы ерекше. Өйткені әлем­дік деңгейдегі Қорқыт тұлғасы түркі­тектес халықтар руханиятының төрін­­де тұратыны, Қорқыт мұрасы – түр­кі ру­ха­­ниятының темірқазығы екені бар­ша­мыз­ға белгілі. Өткен жылы Қызыл­орда облы­сының әкімі Қырым­бек Көшер­­баев­тың тікелей бастамасымен Қор­қыт мұ­раларының ЮНЕСКО-ның мате­риал­дық емес мәдени мұралары тізіміне енуі − тарихи жетістік. Осынау кешенді жұмыс­қа университет ғалымдары да өз үлес­­терін қосты. Облыстық бюджеттен қаржыландырылған «Қорқыт Ата – әлем­дік тұлға. Аңыз және ақиқат» ғылы­ми жобасы бойынша тарихи маңызы зор құнды кітап жарыққа шықты. 

Тарихы бес мыңжылдықты қамтитын Сыр өңірін мекен еткен сақ, қаңлы, оғыз және қыпшақ тайпалары Қазақстан халқы­ның этногенезінде ғана емес, Еуразияның қазіргі халықтарының қалыптасуында маңызды рөл атқарғаны белгілі. Өңірдің этностық тарихының маңыздылығына ғалымдар «Аралдық этногенез түйіні» деген анықтама беруі бекер емес. «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасы аясында оғыздардың Сортөбе, Шіркейлі Қос-асар, Арал маңы сақтарының діни-руха­ни орталығы ежелгі Шірік-рабат және Жан­кент қала­шықтарында кешенді архео­логия­лық зерттеу жұмыстары жаңа қар­қын алды. Осы ескерткіштердің ішінде оғыздардың ордасы болған ортағасыр­лық Жанкент қалашығындағы зерттеу­лер үлкен маңызға ие. Аталған ны­сан­­­дағы археологиялық қазбаларды уни­­­вер­­ситет ғалымдары Ә.Марғұлан атын­­­дағы Археология институты, Гер­манияның Тюбинген университеті, Ресей Федерациясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология және антропология институты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу университеті мамандарымен бірлесіп жүргізуде. 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласында айтқан тарихи сананы жаң­ғыртуға қатысты терең ой-пайым­дары 2018 жылғы 21 қарашада жарық көр­ген «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ла­сында жалғасын тапты. Екі бөлімнен тұратын мақаланың бірін­ші «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты бөлімінде Елбасы тарихы­­мызды зерделеудің жаңа ғылыми тұжырым­дамасын айқындап берді. 

Кез келген халықтың жүріп өткен жолы, сол жолда қалыптастырған мәдени мұра­лары мен рухани құндылықтары, ой-са­насы мен дүниетанымы сол халық­тың әлемдік өркениеттегі алар орнын анық­тайтыны ғылымда дәлелденген ақи­қат. Елбасымыз мыңдаған жылдық тари­хы бар халықтарды мысалға келтіре оты­рып біздің түп-тамырымыздың да ежел­гі дәуір­лерден бастау алатындығына бір­неше жаңа ғылыми деректер келтірді. Қазақ жерінде құрылып, өмір сүрген про­­то­мемлекеттік бірлестіктердің, бүгін­де әлем халықтарының кәдесіне жарап отыр­ған көптеген мәдени жетістіктер мен ең үз­дік тех­нологиялардың жасаушысы, әрі мұра­гері ретінде Ұлы дала өрке­ние­тінің әлем­дік мәдениеттің дамуына қос­қан үле­сін айқындаудың өзектілігіне тоқталды. 

Осы уақытқа дейін көшпелі мәде­ниеттің өкілі ретінде бағаланып келген халқымыздың рухани мұрасы ретінде тек бай дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз туралы ғана сөз болып, ғылым көкжиегінен алар орнымыз айқындала қоймағаны белгілі. «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» деп атаған ой өзегі арқылы Елба­сы қазақ ғылымының тарихтың терең тамы­рынан бастау алатындығын дәлелдеп отыр. 

Түркі дүниесінің атажұрты саналатын қазақ жерінде әлемдік ой-санаға ық­пал еткен ұлы ойшылдар, Ұлы даланы көзі­нің қарашығындай қорғаған батырлар, елдің ауызбірлігі мен түсіністігінің ұйыт­қысы болған би-шешендер ғұмыр кеш­ті. Олардың ұлт тарихындағы өнегелі өмірі, тағылымды тағдыры бүгінгі ұрпақ үшін ұлт­жандылықтың, елжандылықтың символы. 

Шапқан аттың тұяғы тозатын, ұшқан құстың қанаты талатын сайын дала тө­сінде қала мәдениетінің негізін қалаған біздің халқымыз болатын. Ғасырлар бойы дүниежүзі халқына қызмет етіп келе жатқан жылқыны қолға үйрету мен атқа міну мәдениеті, металл өңдеу технологиясы және т.б. әлемдік өркениетке қосылған құндылықтарды да осыдан мыңдаған жылдар бұрын біздің бабалары­мыз жасаған. Елбасымыз өз мақа­ласында тарихты жаңа көзқараспен зерделеу үшін осылардың барлығын ғылыми дерек ретінде ұсынды. Сонымен бірге Елбасымыз гуманитарлық ғылым саласының алдына жаңа міндеттер қойып, тарихты зерделеудің тың тұжы­рым­дамасын жүзеге асырудың жобаларын да айқындап берді. Бағдарлама­лық мақала университет ғалымдарына айрықша рухани серпіліс беріп, жаңа бағыттардағы ізденістерге жол ашуда. Бұл тұрғыда алдағы үш жыл көлемінде «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» атты жоба жүзеге асырылатын болады. Археологиялық парк ұйымдастыру мақсатында Жанкентті туризм нысанына айналдыру, музейлен­діру және ғылыми консервациялау жұ­­мыс­тары қатар жүргізілуде. Ресей музей­лері мен архивтерінде сақтау­лы тұрған Сыр өңірінен табылған жәді­гер­лер мен деректер бойынша жұмыстарды «Архив-2025» жобасы аясында жалғастыру да күн тәртібіне қойылған.

Жастарымыз үшін тарихи жәдігер­лер мен әдеби мұралардың, өнер туын­дыларының сыр-сипатын, тарихын жете, терең біліп өсуі өте маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда Елбасының бағ­дар­ламалық мақалаларының жас ұрпаққа берер тағылымдық, танымдық мәні зор. Ұлт тарихы мен мәдениетін жаңғырту, туған халқымыздың тарих толқынындағы орнын айқындау жас­тарымыздың ұлтжандылық, елжан­дылық қасиеттерін оятады, тәрбие­лейді. Төл тарихымыздың терең бастауларын білген әр ұрпақтың бойында «Мен Ұлы дала өкілімін», «Тарихы терең, рухани байлығы мол ұлттың ұл-қыздарымыз, менің ата-бабаларым әлемдік өркениеттің өркендеуіне шексіз үлес қосқан» деген мақтаныш сезімі, өз ұлтының мәртебелі тарихынан тағылым алуы олардың өз Отанына деген шексіз ықыласын қалыптастыратыны сөзсіз. 

Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасында: «Болашақта ұлттың табыс­ты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілеті­мен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайық қасиеттерге ие болуы керек» деген болатын. Мемлекет басшысы елге тұтқа болатын өскелең ұрпақты жан-жақты қолдап келеді. 2019 жылдың Жастар жылы болып жариялануы осының жарқын көрінісі. Осыған сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлау бағытында мақсатты жұмыстар жүр­гізуде. Жұмыс берушілердің талаптары мен білім алушылардың мүдделерін ескере отырып, кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламалары мазмұнының 80%-ы қалыптастырылатын болады. Қазіргі кезде аймақтың жұмыс берушілерімен бірлесіп өндірісте кафедралардың 52 филиалы ашылды. Сонымен бірге студенттердің кәсіптік іс-тәжірибеден өтіп, кейін жұмысқа орналасуы үшін аймақтың бизнес-құрылымдарымен ынтымақтастық жасау туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасымен меморандумға қол қойылды. Меморандумға сәйкес 3-курстан бастап әрбір студентке жұмыс орындарында тәлімгер-практика жетек­шісі бекітіліп, ол студенттердің уни­вер­ситет қабырғасында алған тео­риялық білім­дері мен практикалық дағды­ларын жетіл­­діріп, бекітуге кәсіби қол­дау кө­р­сетеді. 2021 жылдың 1 қыр­кү­йегіне қарай Жұмыс берушілер кеңесімен бір­­лесіп бітірушілерді еңбекке орналасу көр­­сет­кішін 85-90%-ға жеткізу көзделуде. 

Жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы мен бәсекеге қабілеттілігін қалып­тастыру үшін жағдай жасау ар­қылы білім алушыларды қолайлы білім ортасымен қамтамасыз ету, оларда көшбасшылық қасиет­тер­ді, креатив­тілікті, бастамашылықты, көптілді, көп­мәдениетті қоғамда еркін бағдарлана алуды дамыту жұмыстары өз жалғасын табуда. Цифрлы экономика үшін адам капиталын дамытуға арналған университеттің Жол картасы іске асырылуда. Білім алушылардың бизнес-идеяларына қолдау көрсету және жүзеге асыру мақсатында ашылған «Business Start» инновациялық жобаларды іске асыру орталығында 25 жоба орындалуда. Университет студенттері 2018 жылдың қазан айында өткен «Business Start - Байқоңыр» және «IT-Business» жобалар конкурсында жүлделі орындарды иеленді.

Университетте қазір кешенді ғылыми-зерттеулерді жүргізетін, салалық заманауи әдістерді меңгерген жас ғалымдардың жаңа буыны қалыптасып, 60-тан астам мамандық, оның ішінде ақпараттық технологиялар, археология және этнография, туризм салалары бойынша мамандар даяр­лануда. Білім алушыларды ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстарына, спортпен айналысуға тарту мәселесі жолға қойылған. Олардың қатарында ғылым, білім, өнер, спорт саласындағы халықаралық және респуб­ликалық байқаулар, көрмелер, сайыстар мен жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иемденгендер көптеп саналады. 

Университетте бұл күндері Қытай, Өзбекстан, Түрікменстаннан келген шетелдік 35 азамат білім алып жатыр. Шетелдік студенттер контингентін одан әрі көбейту үшін Байқоңыр, Нөкіс (Өзбекстан), Орынбор (Ресей Федерациясы), Ош (Қыр­ғызстан), Үрімші (ҚХР) қала­ларын­да өкілдіктерін ашу қолға алынды. Көптеген жас оқытушы алыс және жақын шетелдердің, оның ішінде Ресей Феде­ра­циясының, Түркия­ның, Оңтүстік Корея­ның белгілі жоғары оқу орындарына аспирантураға, докторантураға оқуға жіберілді. Бұған 95-тен астам шетелдік жоғары оқу орындарымен орнатылған әріптестік байланыстар өз ықпалын тигізуде. Ағымдағы оқу жылында 15 студентіміз Қытай, Оңтүстік Корея, Польша, Болгария, Түркия мемлекеттеріндегі жетекші жоғары оқу орын­дарында академиялық ұтқырлық бағд­ар­ламасы бойынша білімдерін жалғас­тыруда. Олар өздері білім алып жатқан оқу орындарында Қазақстанның тарихын, дәстүр-салтын таныстыру және заманауи қазақстандық мәдениетті наси­хаттау мақсатында «I am from Kazakhstan» жобасын орындап жатыр. Қазақ­стан Рес­публикасының тәуелсіздік күні ме­рекесі қарсаңында аталған жоба бойын­­ша танымдық және әдеби-сазды іс-шаралар ұйымдастырылып, шетелдік әріптестердің назарына ұсынылды.

Бүгінгі таңда Қорқыт Ата университеті Қазақстан Республикасының көпсалалы ЖОО ішіндегі Ұлттық рейтингте 9-орын иеленеді, екінші жыл қатарынан Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің Үздік-300 ЖОО тобының қатарына еніп отыр. 

Университеттің 80 білім беру бағдар­ламасы мамандандырылған аккредиттеу­ден өткен. Соңғы бес жылда университет ғалымдары өнертабыстарына 62 патент алды, 61 монография, халық­аралық рецензияланатын басылымдарда 185 ғылыми мақала жариялады.

Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы Қорқыт Ата атын­­дағы Қызылорда мемлекеттік уни­вер­си­те­тінің қоғам алдындағы мін­деті − бәсе­кеге қабілетті жас маман­дар­ды даяр­лау, өз тарихын білетін, Отанын шек­­сіз сү­йетін және оған адал қызмет ететін па­­ра­сатты азаматтарды тәрбиелеу. Ұжым­­ның алдағы мақсаты − Қорқыт Ата уни­вер­­с­итетін жоғары оқу орындарының ұлт­тық және әлемдік рейтингтерінде тұғы­ры биік, еліміздің индустриялық-ин­но­в­ация­л­ық дамуына лайықты үлес қо­са­тын ин­но­вациялық-кәсіпкерлік жоғары оқу ор­нына айналдыру. Бұл – заман талабы. 

Қылышбай БИСЕНОВ,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы, техника ғылымдарының докторы, профессор

Қызылорда

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

22.02.2019

Алдағы уақытта мұнай қымбаттай ма?

22.02.2019

Дзюдошыларымыздың Дюсельдорфтағы қарсыластары анықталды

22.02.2019

Өткен тәулікте 43 мың текше метрден астам қар жиналды

22.02.2019

Қай министрліктер мемқызметшілерге артық жұмыс істетіп отыр

22.02.2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

22.02.2019

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ынтымақтастыққа уағдаласты

22.02.2019

Астана қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтары белгіленді

22.02.2019

Солтүстік Қазақстанда әлемдегі ірі қалайы  кен орны ашылады

22.02.2019

Алматы қаласының энергоқауіпсіздігін нығайтқан жоба аяқталды

22.02.2019

Жетісулықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен жүздесті

22.02.2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

22.02.2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

22.02.2019

Кеше елордаға бір мың тоннадан астам көмір жеткізілді

22.02.2019

Қазақстанда отандық өндірістегі РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы арзандады

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

22.02.2019

Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды

22.02.2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

22.02.2019

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу