16 Қаңтар, 2019

Шымкентте өткен жылы 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше өткен әкімдік жиынында Шымкент қалалық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының 2018 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалды. Былтыр Шымкентте тұрғындарға 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 4,9 миллион қызмет электронды түрде жүргізілген. Бұл жөнінде аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Айнұр Юсупова баяндады.

Шымкентте өткен жылы 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген

«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша ведомоствоаралық комиссия отырыстары өтеді. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін 191 мемлекеттік қызметтің 152-ін автоматтандыру және оңтайландыру жоспарлануда. Осы мақсатта орталық мемлекеттік органдармен 144 Жол картасы әзірленіп, келісілуде. Сонымен қоса халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары қолға алынған. Есептік жылы 3500 адам оқытылу жоспарланып, 4406 қала тұрғыны 4 бағыт бойынша оқытылды», - деді Айнұр Абдуахасқызы.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан 191 мемлекеттік қызмет ұсынылады. Оның 94-і электронды нысанда, ал 69 қызметті мемлекеттік корпорация арқылы алу мүмкіндігі бар.

Нұршат ТӨКЕН,

«Егемен Қазақстан»