16 Қаңтар, 2019

«Астана» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан соңғы бес бірдей ел біріншілігінде топ жарып, отандық командалар арасынан Еурокубоктарда ең табысты өнер көрсетіп жүрген «Астана» биылғы маусымға даярлықты бастады.  

«Астана» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады

Бұл күндері олар БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Айтулы команда сапында Парсы жағалауындағы жиынға аттанған ойыншалар мыналар: Қақпашылар – Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов және Владислав Саенко. Қорғаушылар – Марин Аничич, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Талғат Кусяпов, Антонио Рукавина, Сергей Малый және Абзал Бейсебеков. Жартылай қорғаушылар – Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Сұлтан Сағынаев, Жасұлан Қайыркенов, Педро Энрике, Роман Мұртазаев, Лев Скворцов, Марин Томасов, Серікжан Мужиков және Юрий Перцух. Шабуылшылар – Жуниор Кабананга, Рангело Янга, Владислав Прокопенко және Рамазан Кәрімов.

БАӘ-де «Астана» Данияның «Копенгаген» мен «Мидтьюлланд» және жергілікті «Әл-Васл» клубтарына қарсы жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Ал өзінің келесі оқу-жаттығу жиынын жерлестеріміз 3-24 ақпан аралығында Түркияда өткізеді.  

Дайындаған Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»