Аймақтар • 16 Қаңтар, 2019

Өскеменде Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қаңтар күні Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Өскеменде Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтеді

Жарысқа 9 мемлекеттің спортшылары қатысады. Нақтылап айтсақ, Украина, Грузия, Түркия, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан спортшылары Рыпакова жүлдесіне таласпақ.

Атлеттер төмендегі дисциплиналар бойынша сынға түседі:

1. 60, 400, 800 және 3000 метрге жүгіру;

2. 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру;

3. Сырықпен секіру

4. Биіктікке секіру

5. Ұзындыққа секіру

6. Үш қарғып секіру

7. Эстафета

Жарыстың негізгі бөлігімен бірге «Алтай» клубының балаларға арналған Athletics KIDS CUP турнирі де өтетінін еске саламыз.