Қысқы спорт • 16 Қаңтар, 2019

Биатлоннан Қазақстан кубогі: екінші жарыс күнінің нәтижесі

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биатлоннан Қазақстан кубогінің екінші жарыс күнінде спортшылар із кесу сайысынан сынға түсті деп жазады Olympic.kz. 

Биатлоннан Қазақстан кубогі: екінші жарыс күнінің нәтижесі

Ерлер арасында Владислав Миропольский (ШҚО) тізгінді ешкімге бермеді. Ол белгіленген қашықтықты 41 минут 59 секундта жүріп өтті. Диас Кенешов (Алматы облысы) күміс жүлде иеленсе, семейлік Евгений Төлегенов үздік үштікті қорытындылады. 

Жасөспірімдер арасында Бекетай Тұрлыбеков (Ақмола облысы) жеңіске жетсе, Эдуард Афонин (ШҚО) екінші, Дастан Делдеш (СҚО) үшінші орын иеленді. 

10 шақырымға жарысқан жасөспірім қыздар арасында Изабелла Пармановаға (Ақмола облысы) тең келер ешкім болған жоқ. ШҚО өкілі Ангелина Борисова күміс, қарағандылық Виктория Катаева қола жүлдегер. 

Бүгін спортшылар үшін демалыс күні жарияланды.