Кәсіпкерлік жаңа белеске көтеріледі

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығмату­лин­нің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында еліміздің 1499 аза­маты халықаралық, ал 1026 адамы мем­лекетаралық іздеуде жүргендігі белгілі болды. Бұл жөнінде еліміз бен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы құқықтық қарым-қатынастарды реттеу­ге арналған заң жобаларын талқылау кезінде айтылды.

Егемен Қазақстан
17.01.2019 3817
2

Мұрагерлер құқы шектелмейді

Жалпы, отырыс барысында депутаттар Елбасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өз­геріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң­ның 1-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақ­шалары бойынша  қарсылықтарымен келісті.

Мемлекет басшысының аталған заң бойынша келіспеген немесе бұрынғы күйінде қалдыруға байланысты ұсыныстарын депутаттарға Пре­зидент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әлия Рақышева жеткізді.

–  Өздеріңізге белгілі, Парламент 2018 жыл­ғы 27 желтоқсанда аталған заңды қабылдап, ол 28 желтоқсанда Мемлекет басшысының қол қоюына енгізілді. Қабылданған заң 2017 жылғы 31 қаңтардағы және 2018 жылғы 5 қазандағы Президенттің Жолдауларын іске асыруға бағытталған. Президент тұтастай алғанда бұл заңға қолдауын білдіреді, бірақ қабылданған заң алып тастаған азаматтардың мүліктік құқықтарының кепілдіктері туралы заңнаманың жекелеген қолданыстағы ережелерін сақтау қажет деп ойлайды. Баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Конституциясы 44-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Мемлекет басшысы Заңның 1-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларын алып тастауды ұсынды, – деді Ә.Рақышева.

Мемлекет басшысының мұрагерлікке құқылы азаматтардың құқықтарын шектемеу туралы ұсынысымен депутаттар толық келісті.

 Корольдік қылмыскерге пана емес

Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Мәжілістің мінберіне үш рет көтеріліп, Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы өзара құқықтық көмек, адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды ұстап беру туралы 2017 жылы 1 қарашада Астанада қол қойылған келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларына байланысты баяндама жасады.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қарым-қатынастар деңгейі жоғары. Қазіргі уақытта екі ел арасындағы қорғаныс өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларында байланыс арта түскен. Оған қоса, 2006 жылдан бері сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық қарым-қатынастарды тереңдетуге бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді.

– Бұл келісімдер халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Аталған келісімдер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болғандықтан, ратификациялануы тиіс, – деді А.Лукин.

Бас прокурор орынбасарының айтуынша, мұндай құқықтық келісім жасалмаған мемлекеттер қылмыскерлерді ұстап беруде өзара байланысты және сенімді негізге алады. Мәселен, өткен жылы Германия іздеуде жүрген Қазақстанның үш азаматын қайтарған.

Бас прокуратура бастамашы болған заң жобалары толық мақұлданды.

Кәсіпкерлер тынысы ашылады

Депутаттар жалпы отырыста бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәсе­лелері қарастырылған заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Аталған құжаттың маңыз­дылығына тоқталған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасы Мемлекет басшысының бизнес-ортаны одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Оның айтуынша, қабылданған түзетулер кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді тетігін құруға мүмкіндік бермек. Өйткені бұл ең алдымен жаңа кәсіпорындар ашу, несие алу, құрылысқа рұқсат беру және салық салуға жағдай жасауды көздейді.

– Жаңа өзгерістер бизнес саласын дамытуға, сауда қызметін нығайтуға ерекше ықпал ететін болады. Сонымен бірге кәсіпкерлер үшін де өте тиімді болып табылады. Осының барлығы  шағын  және орта бизнестің экономикалық қуатын күшейтуге серпін беретіні сөзсіз, – деді Нұрлан Нығматулин.

Мәселен, заң жобасына 2020 жылдан бас­тап тауарларды таңбалау және сауда-саттық қызметінде кассалық-бақылау құралдарын пайдалану ережелері енгізілді.

Сондай-ақ депутаттар қолма-қол ақшасыз төлемдерді ынталандыру мақсатында салықтық әкімшілендіруді оңайлату, мүгедектерге әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі кіріс­терді салық салудан босату, салынған әкім­шілік айыппұлды мерзімінен бұрын төле­-
ген кезде шартты жеңілдік беру, толық дек­­ларация беру мерзімін ұзарту арқылы ке­дендік әкімшілендіруді оңайлату, сондай-ақ халықаралық пошта жөнелтілімдері кезінде кедендік ресімдерді жеңілдету, электронды сау­да алаңдарын дамыту және электронды сауданы жүзеге асырған кезде сатып алушылардың құқықтарын қорғауға байланысты түзетулер енгізген.

 

«Жусан» операциясы туралы кино қажет

Жалпы, отырыс соңында Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалында қаңтар айының басында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Сириядан 47 адамды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясының сәтті өткендігін айта келе: «Президент мұндай қайырымдылық әрі гуманизм актісіне бастамашы болу арқылы Қазақстан азаматтарының қай жерде болса да олардың тағдырына деген қамқорлығы мен алаңдаушылығын көрсетті», деді.

Осыған орай операцияға дайындық және оны өткізудегі қиындықтар мен қауіп-қатер­лер­ді баяндайтын фильм түсіру қажеттігін мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­тың арнайы тапсырмасымен жоғары деңгейде жүзеге асырылған қазақстандық азаматтарды құтқару операциясы секілді  ерекше оқиғалар өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін жоғары көркемдік кино түсіруге тамаша сюжет болар еді. Осыған байланысты, біріншіден, мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жусан» операциясы негізінде шытырман оқиғалы, деректі, патриоттық тәрбиедегі көркем фильм түсіруге тапсырма беруіңізді сұраймын. Екіншіден, Президенттің үстіміздегі жылды Жастар жылы деп жариялауына байланысты жастардың рухани және патриоттық тәрбиесі жалпы мемлекеттік мүдде болғандықтан жастардың патриоттық және рухани тәрбиесінің кешенді жоспары мен  шараларын қарастыру жөн болар еді», деді Қ.Сұлтанов өз сауалында.

Сонымен қатар депутаттар – Меруерт Қазбекова, Магеррам Магеррамов және На­талья Жұмаділдаевалар да орталық атқарушы органдардың басшыларына сауалдарын жолдады.

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу