Актрисаның аналар галереясы

Жарқылдай күліп, жан жылуымен экранның арғы жағында отырған көрерменін шексіз мейірімге бөлеп, өзімен айнымас дос еткен аңыз актриса – Әмина Өмірзақованың өнердегі өнегелі өмір өрнегі қай кезде де шынайылығымен құнды. Бүгінге дейін талант иесінің есімі исі қазақ үшін Ана деген аяулы ұғыммен егіз қабылданып, қатар айтылып жатса, ол да қасиетті өнер дарытқан сол құдіреттің арқасы болса керек. 

Егемен Қазақстан
17.01.2019 3333
2

Рас, соғыс уақыты қазақ әйелінің бейнесін түбегейлі өзгертті. Аналарымыз қайнатып отырған құртын тастап, тылға еңбек етуге шықты. Кешегі бесік тербетіп, қазанын қамдаған отанасы енді майданға кеткен ерлерінің орнын жоқтатпай, нәзік қолдарымен орақ пен шалғыны батыл ұстап, темір құрсаулы техниканың тілін игеруге мәжбүр болды. Адамзат басына төнген осынау қиын да қасіретті кезең кеңестік кино өнерінің де жаңаша бағыт түзіп, экранға өзгеше бояулы тың бейнелердің шығуына жол ашты. Замандастар бейнесі мүлдем бөлек бағытта сараптала бастады. Әмина Өмірзақова тудырған қазақ киносындағы аналар галереясы соның айғағы.

«Ана туралы аңыз» фильмі арқылы көпшілік көрерменге кеңінен танылған актриса одан кейін де сан характерлі аналар бейнесін кемеліне келтіре кейіптеп, қазақ қана емес, күллі кеңестік кино тарихында айтулы жаңалыққа айналды. Бұған дейін ұлттық экранымызға шықпаған қазақ әйелінің өзгеше бейнесін жасады. Тіпті аталған кинотуындыдағы ізденісі үшін өнер иесі 1964 жылы Ленинградта өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Ең үздік әйел рөлі» жүлдесіне лайық деп танылады.

Иә, «Ана туралы аңызды» тамашалап отырып киносүйер қауым актриса сараптауынан ана жанының даладай дархандығын, баладай аңғалдығын, сезімінің сұңғыла да сыршыл нәзіктігін, жүрегінің сын шақтардағы қайтпас қайсарлығын жазбай таныр еді. «Егер орыс кинематографиясында ананың рөлін ерекше сомдаған Вера Марецкая, Италия киносында Анна Маньяни болса, қазақ киносындағы ана образы Әмина Өмірзақовамен тығыз байланысты» – деп баға берген белгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербектің пікірі жоғарыда келтірген ойымызды дәйектей түсетіндей. 

Өз дәуірінде сахнаның саңлағы, экранның еркесі атанған актрисаның шығармашылық биографиясын парақтап отырып, өнер иесінің сахнада да, экранда да кіл аналар бейнесін сомдағанына көз жеткізуге болады. Бүгінде ұлттық кинематографиямыздың баға жетпес қазынасына айналған «Абай әндері», «Жамбыл», «Бір ауданда»,  «Арманым менің», «Гауһартас»,  «Ақ шаман», «Нан дәмі», «Шанхай» фильмдеріндегі қайталанбас кейіпкерлері әлі күнге дейін көркемдік һәм құндылық қуатын бәсеңсітпей, керісінше көрерменін үздіксіз қуантып келеді. Соның ішінде, әсіресе Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» кинотуындысындағы Тана апай рөлі көрермен жүрегіне айрықша жақын. «Ана туралы аңыз» фильмінде актриса сабырды сары алтынға балайтын салмақты, ойлы, мұңды кейіпкер мінезін мүсіндесе, «Тақиялы періштеде» еті тірі, пысық қария кейпіне жеңіл ауысып, бұған дейін жасаған бейнелеріне мүлдем ұқсамайтын бөлекше образ тудырады. Мұндай бір-біріне қарама-қайшы рөлді асқан шеберлікпен кемеліне келтіре ойнап шығу – нағыз хас дарындардың ғана маңдайына бұйырар бақ болса керек. 

Әмина Ерқожақызы өнер жолын  Шымкент театры сахнасынан бастап, 1949 жылдан өмірінің соңына дейінгі жарты ғасырдан астам ғұмырын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының өркендеуіне арнады. Көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері арқылы халық жүрегінен өшпес орын алды. 70 жылға жуық сахналық ғұмырында бір-біріне ұқсамайтын ойлы да мазмұнды 150-ден аса рөлдің авторы атанып, бейнелілік биігінен көрінген сахнагердің өнер әлемінде өрнектеген өнегелі жолы қай кезде де көрушісін бейжай қалдырып көрген емес.

2019 жылдың 8 наурызында туғанына 100 жыл толатын әйгілі актрисаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жұмыстары жыл басынан-ақ басталып кетті. Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен ел тарихында тұңғыш рет театр және кино саласы әртісін еске алуға бағытталған мәдени іс-шаралардың ЮНЕСКО көлемінде ұйымдастырылуы жоспарлануда. Соның ең алғашқысы Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті. «Қазақ киносының анасы» деген тақырыппен ұйымдастырылған еске алу кешіне кинотанушы мамандар мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Келелі кездесу барысында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр өнерінің саңлағы Әмина Өмірзақованың ғасыр тойына арналған көрме қойылып, актрисаның шығармашылығына кәсіби көзқарас биігінен жан-жақты баға берілді. Алдағы уақытта аталмыш тағылымды шара өзінің мазмұндық мәнін ғана емес, географиялық ауқымын да кеңейтіп, жүйелі жалғасын табады деп күтілуде.

 

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

22.02.2019

Алдағы уақытта мұнай қымбаттай ма?

22.02.2019

Дзюдошыларымыздың Дюсельдорфтағы қарсыластары анықталды

22.02.2019

Өткен тәулікте 43 мың текше метрден астам қар жиналды

22.02.2019

Қай министрліктер мемқызметшілерге артық жұмыс істетіп отыр

22.02.2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

22.02.2019

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ынтымақтастыққа уағдаласты

22.02.2019

Астана қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтары белгіленді

22.02.2019

Солтүстік Қазақстанда әлемдегі ірі қалайы  кен орны ашылады

22.02.2019

Алматы қаласының энергоқауіпсіздігін нығайтқан жоба аяқталды

22.02.2019

Жетісулықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен жүздесті

22.02.2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

22.02.2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

22.02.2019

Кеше елордаға бір мың тоннадан астам көмір жеткізілді

22.02.2019

Қазақстанда отандық өндірістегі РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы арзандады

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

22.02.2019

Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды

22.02.2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

22.02.2019

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу