Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Павлодар облысында иттердің көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылған

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті кинология қызметінің мәліметінше,  мал ұрлығы ауылдық жерлерде жиі орын алады.

Павлодар облысында иттердің көмегімен 200-ден астам қылмыс ашылған

 Сондықтан, өткен жылы өңірдің аудандарында кинология қызметі жұмысын бастады. Әр ауданға бір ит бөлінген. Қазір арнайы мамандар  итпен жұмыс істеуді үйренуде. Алдағы уақытта кинологтар Алматыда оқу мен жаттығудан өтеді.  Облыс орталығында іздерді иіс арқылы анықтауға мүмкіндік беретін одорологиялық зертхана ашылды. Зертханада криминалист мамандар  қылмыс орын алған жерден бірнеше иіс алады.

Ал, кинологиялық қызмет орталығында 29 ит бар. Олармен 11 кинолог жұмыс істейді.Кинологтардың айтуынша, аудандардағы орын алған қылмысқа облыс орталығындағы иттерді жіберу арқылы уақыт кетеді. Аудандарда қылмысты жедел ашу үшін кинология қызметі ашылуда.

Кинологтарда иіс сезгіш, дәл анықтайтын «Уллис есімді, «Рио» атты иттер бар. Өткен жылы қоқыстан табылған сәбидің анасын иіс арқылы полицейді сол үйге алып барған.

Облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында спаниель, лабрадор тұқымды иттермен, неміс және бельгиялық овчаркалары полицейлермен бірге қызмет етуде.

Әр иттің өз қожайыны, атқаратын міндеті бар. Қызметтік иттер 8 жылдан қызмет етеді.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Соңғы жаңалықтар