Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Маңғыстаулық экологтар «ILAC - MRA» зертханалық қосарлы белгіні қолдану құқығына ие болды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті жанында өзінің аналитикалық зертханасы бар. Ол барлық тиісті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген, сонымен қоса Газель базасында жабдықталған жылжымалы зертхана бар. Зертхана ауадан, топырақтан, теңіз және ақаба сулардан сынама және радиациялық өлшемдер жүргізе алады, тиісті аккредитатциядан өткен.

Маңғыстаулық экологтар «ILAC - MRA» зертханалық қосарлы белгіні қолдану құқығына ие болды

Департамент жоспарына сәйкес зертхана мамандары облысымызда орналасқан зиянды ошақтарға және ірі өндіріс аймақтарында мониторинг жұмыстарын жүргізеді.

Департаменттің зертхана мамандарымен 2018 жылы 4 437 сынамалар алынған. Сонымен қатар, басқарманың басты жаңалығы - 2018 жылы аналитикалық зертхананың ұжымының арқасында ILAC - MRA зертханалық қосарлы белгіні қолдану құқығына ие болды. (ILAC - Международная Ассоциация по аккредитации лабораторий (InternationalLaboratory Accreditation Cooperation).

ILAC зертханасының акредиттеу бойынша халықаралық ұйымы 1977 жылы құрылған және 58 мемлекеттің 70 мекемесінен тұрады.    ILAC - MRA зертханалық қосарлы  белгісі әлем бойынша   ILAC - MRA келісіміне қатысушы елдердегі сынау және калибрлік зертханалардың нәтижелерін мойындауға арналған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы