17 Қаңтар, 2019

Жаңадан ашылған ауданға жастар оралып жатыр

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Жарлығымен Алматы облысының Райымбек ауданының қайта құрылғанына әлі жыл тола қоймады. Аймақта шекаралық өңірді дамытуға бағытталған іс қарқынды жүріп жатыр.

Жаңадан ашылған ауданға жастар оралып жатыр

Мәселен, аудан орталығы Нарынқол ауылында жас мамандарға арналған 109 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Қазір 20 үй пайдалануға беріліп те қойған екен. Ауылдағы жаңадан салынған баспана бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлерге жалға беру әдісімен бөлінген. Жаңадан ашылған аудан болғандықтан, Нарынқолға келіп тұрақтап жатқан жас мамандар үшін баспана жайы қиындық туғызған еді. Бұйырса, биыл қалған 89 үй де қолданысқа берілмекші.

Жалпы, қайта құрылған ауданға бағытталған жұмыс нәтижесі бір жылға жуық уақыттың ішінде айқын нәтиже бере бастады. Аудан орталығындағы  жолдар жөнделді, жарықтандыру жүргізілді, тұрғын үйлер салынды, балалар алаңдары мен спорттық алаңдар пайдалануға берілді. 

- Ең бастысы, шекаралық ауданға жастар қайта орала бастады. Елбасының Жарлығы шыққаннан бергі уақытта ауданға 700 адам қоныс аударған. Сондықтан жас мамандарды баспанамен қамту ең маңызды мәселелер қатарында. 20 жалгерлік үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 395,3 млн теңге бөлінген болатын, бүгінгі күні бұл үйлер пайдалануға берілді, - деді жақында Нарынқол ауданына арнайы сапармен барған облыс әкімі Амандық Баталов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы