17 Қаңтар, 2019

27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді

856 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді

"Алдағы 27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді. Съезді шақыру жөніндегі қаулыға бүгін Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев қол қойды. Кезекті съезд партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа Бағдарламасын талқылау, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, партиялық органдардың есебін тыңдау және партия Саяси кеңесінің құрамын жаңарту жоспарлануда. Аталған съездің партиямыздың 20 жылдығы аясындағы басты іс-шара боларына және алдағы жылдардағы мақсат-міндеттерді анықтап, біздің саяси ұйымның одан әрі жаңғыруына тың серпін беретініне сеніміміз мол", деп жазды Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында.