Қасымхан Алдабергеновтің ғибратты ғұмыры

Бұл кісінің ғұмыры тұтас бір дәуірдің шежіресіндей. Қасымхан Алдабергенов есімі қасиетті қара сөздің қайнарын қанып ішкен кез келген қазақ үшін жақсы таныс. Саналы ғұмырын сахнаға арнап, ұлт руханиятына өшпес із қалдырған жанның әсерлі әңгімесі де өмірлік өнегесімен құнды.

Егемен Қазақстан
18.01.2019 5347
2

Жыраулардың жалғасы

– Мені жыраулық өнерге ауыз­дандырған «Алпамыс», «Көрғұлы» сияқты дастандарды жатқа айтатын ел ішіндегі құймақұлақ жыршы, ақындар. Солардың дауысы, мақамы құлағыма құйылып қалған. Бала кезімнен-ақ ән айтуға ерекше құмар болдым. Әлі есімде, біздің ауылға ол кезде термеші,  жыраулар жиі келіп тұратын. Ән мен жыр төгілген осындай бір думанды басқосуларда әйгілі Халық, Жәкібай сынды жыраулармен кездесіп, мақамды жырларын тыңдау бақытына ие болдым. Ал жыршылар шаршаған кезде ауылдың әу дейтін талантты жас­тары шығып,  өнерлерін ортаға салатын. Солардың қатарынан біз де ара-тұра көрініп қалып жүр­­дік. 

Бір күні ауылға көшелі торы ат жеккен тарантас арбамен шаруашылықтағы ком­сомол комитетінің хатшысы Игі­лік Абзуллин деген азамат келді. Келе сала бірден: «Бала, жи­нал, сені алып кетемін. Сол үшін арнайы келдім. Ауданға барып ән айтасың» деді. Салған бетте не дерімді білмей қалдым. Бі­рақ сонда әкем Алдаберген мен анам Шәмшияның «Баламыз аудан халқы алдында өнер көрсетеді» деп ерекше қуанғандары есімде қалыпты.

Сөйтіп, бала Қасымхан 1938 жы­лы Жітіқара ауданының «Ар­тем» деп аталатын сахнасында тұң­ғыш рет ел алдына шығып өнер көр­сетеді. Көпшіліктің қошеметі анықтаған ең үздік үш өнерпаздың қатарына енген жет­кіншек осылайша облыс орта­лығына жолдама алады.

– Қазір Қостанайдың әл-Фа­раби мен Ахмет Байтұрсынов кө­шелерінің қиылысқан жерінде қы­зыл кірпішті үй тұр. Бүгінде суретшілер мектебі. Ол кезде орта мектеп болатын. Осы оқу орда­сында оқушылардың облыстық слеті өткізілді. Сонда ән айттым. Па­тефоннан үйреніп алған Кенен­нің «Бозторғайы» мен халық әні «Қалқаны» шырқадым. Бұл – менің облыс көрермені алдына, жалпы үлкен сахнаға бірінші рет шығуым болатын, – дейді ақсақал. 

...От кешіп, майдан даласынан келген Қасымханның жыраулық пен айтыскерлік өне­рінен бөлек, қара өлеңді төгілте жыр­лаған ақындығы мен қаламы жүй­рік журналистігі де ел ара­сында жақ­сы таныс. Жітіқара ауданын­да­­ғы Шевченко орта мектебінде мұ­ға­лім қызметінде жүріп көр­кем­өнер­паздар үйірмесін ұйымдас­тырып, дом­быра оркестрін құруы – Қасым­хан Алдабергеновтің ғиб­рат­­ты ғұмыр өне­ге­сінің бір парасы ға­на.

Жалпы, Қасымхан Алдабергенов дегенде айтыс деген ұлы өнеріміздің қалыс қалуы әсте мүмкін емес. Жы­раулық өнердің уызын қанып ішкен ақсақал талай айтыста аламанға түсіп, дүбірлі өнер бәйгелерінде топ жарды. Сондай айтулы жыр дода­сының  бірі – 1959 жылы Қостанай өңірінде екінші рет өткізілген об­лыс­тық ақындар айтысы.

– Бұл менің айтыстағы алғашқы жеңісім десе де болады. 1959 жылы об­лыс­тық деңгейде өткізілген айтыс­қа ақын, Қазақ КСР  Жоғарғы Ке­ңе­сінің депутаты, Ленин орденді халық ақыны Омар Шипин қатысты. Басында түлкі бөрік, мәсіні галошпен киіп, қолына кішкентай қара сөмке ұстап жүретін аққұба кісі болатын.  Нұрхан Ахметбеков, Өтей Қалиев сынды ақындармен де осы жолы танысып, дүлдүлдердің тамаша өнеріне тәнті болдым. Шашасына шаң жұқтырмас қос жүй­рік сол жолы І орынды теңдей бөлісті.  Мен жүлдеге іліккен жоқ­пын. Екі жылдан кейін, 1961 жылы үшінші облыстық айтыс өткізілді. Осы айтыста Өтей Қалиев бас ақын болды. Мен бірінші орынды же­ңіп алдым. Бұл жеңістің менің өмі­рімнен алар орны үлкен. 

«Егеменнің» шарапаты

Айтулы жүлденің ақын өміріне елеулі өзгеріс ала кел­гені және рас. Жеңіс тұғырынан көрін­ген талантты жігіттің өнері жай­лы аудандық, облыстық, тіпті рес­публикалық басылымдар жарыса жазып, сүйіншіледі. Аудандық «Жи­тикаринский рабочий», қазақ және орыс тіліндегі облыстық га­зет­тер жазды. Сол кездегі «Со­циа­­­листік Қазақстан»,  бүгінгі біз­дің «Егемен Қазақстан» газеті су­ретімен басты. 1961 жылдың 6 маусымында: «Қостанайда өткен облыстық айтыста ауыл мұғалімі Қасым­хан Алдабергенов үздік деп­ танылып, бірінші орынды же­ңіп алды»  деген ТАСС хабары со­нау­ Мәскеуден шығатын одақтық «Прав­да» газетінде жарқ ете қалды. Сол күні таңертең радиодан тікелей ха­бар таратылып, аядай ғана ауыл мұғалімінің атағы айдай әлемге бір-ақ шықты. Соның ішінде, әсіресе  ғасыр тарихы бар баба басылым – «Егемен Қазақстан» газетінің көнекөз қарияның өнегелі өмір өтк­елдерін өр­нектеген тағылымды сәттері жетерлік.

– Мен ол кезде Орал педаго­гикалық институтының студенті болатынмын. Айтыс деп алып ұшып жүргенде оқу жайы қайбір қаперге келе қойсын. Тіпті сес­сияға баруға мұршам болмады. Сондай күндердің бірінде  үй­ге оқу­дан шығарылғандығым жа­йын­да бір парақ қағаз келіпті. Хатты оқи сала дереу Оралдағы оқу орныма асықтым. Араша сұрап бірден институт проректоры Сәрсен Сармурзинге кірдім. Кабинетке кірген бетте проректор үстелінің үстінде жатқан өзім туралы жазылған «Социалистік Қазақ­стан» газетіне көзім түсті. Онымды про­ректор да байқады:  – Бала, сені оқудан бекер шығармаған екенбіз. Бүгіннен бастап математик болуды қой. Сені оған қайта қабылдағаннан гөрі, басқа факультетке түсіру әлде­қайда оңай. Өзің тәп-тәуір ақын екен­сің ғой. Демек, өнерге, сөзге жа­қынсың. Жаныңды қинап неге математика факультетінде жүрсің? Сен одан да қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түс. Ең дұрыс шешім сол болады. Менің саған көрсеткен аға­лық қамқорлығым осы болсын, қазір оқытушыларға емтихан ал деп тапсырамын, – деп кесіп айт­ты. Міне, сөйтіп математика фа­куль­тетінің студенті қас-қағым сәт­те тіл маманы болып шыға кел­дім. Бұл да болса менің алғашқы же­ңісімнің, соны жаһанға жария етіп, күллі жұрттан сүйінші сұраған «Социалистік Қазақстан»  газетінің арқасы, шарапаты деп білемін, –  деп ақсақал ғасыр­лық тарихы бар ел газеті – «Егемен Қа­зақстанның» өз өмірінен алған елеулі орны мен басылымның сол кездегі бозбала жігіт тағдырына тигізген шарапаты  жайлы  жып-жылы естелігімен бөлісті.

Сексен жылдан аса өмірін қа­сиет­ті өнер жолына бағыштаған ақсақалдың өнегемен өрілген ғи­братты ғұмыры тереңдігімен, маз­мұнды мәнімен тағы­лымды. Өткен күн өне­гесін парақтап, тарих тарамдарына көз жүгіртер болсақ, 1959 мен 1979 жылдар аралығында Қос­­танайда алты рет облыстық ақын­дар айтысы өткізілген екен. Соның төр­теуінде Қасымхан Алда­бергенов топ жа­рып, жеңімпаз тұ­ғы­рына көтеріліпті. Бұдан бөлек, Те­мірше Сарыбаевтың бастамасымен Қазақ телевизиясының алтын ­қорына жазылып алынған Абайдың «Масғұт», «Ескендір» поэмаларын оқыған әуезді үні де Қасымхан Алда­бергеновтің ұлттық өнеріміз бен төл әдебиетімізді келешек ұрпақ санасына сіңіру жолында үздіксіз істеп келе жат­қан тағылымды жұмыстарының жемісі.

– Қазақтың  халық әндерін, жыр­шылықты, термешілікті, қобызды, яғни бағзыдан келе жатқан төл өнерімізді тірілтуіміз керек. Бүгінде оны білетіндер азайып бара жатыр. Қазіргі ұрпақ еуро­палық салдыр-гүлдір музыкаға әуес. Жастардың бойына, санасына өзіміздің табиғи ұлттық өнерімізді сіңіруіміз қажет»  – деп сөзін түйіндеді ақсақал. 

Иә, сегіз қырлы, бір сырлы «Еге­мен­­нің» құрдасы Қасымхан Алдабер­геновтің сексен жыл бойы өнер әлемін өрнектеген өрелі сөз саптасы мен толағай талантының тағылымы һәм ғибратты ғұмыры  келер ұрпақ үшін өмірлік өнеге.

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу